Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне өзгерутер мен толықтырулар енгізілгендігі жөнінде сала мамандарының қатысуымен брифинг өтті, деп хабарлайды Шымкент қаласының ақпараттық — коммуникациялық орталығына сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы бүгін Ақпартаттық — коммуникациялық орталығы алаңында Шымкент қалалық сотының судьясы Дінмұхаммед Анқабекұлы Әзіретқұлов және Шымкент қаласы Әл — Фараби аудандық сотының төрағасы Еркебұлан Тулешовтің қатысуымен өткен брифингте айтылды.
Дінмұхаммед Аңқабекұлы брифинг барысында сот жүйесіндегі жаңашылдықтар мен жетістіктер және Конституциялық сот туралы айтты.
– Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Толығырақ айтатын болсақ, азаматтың денесіне жеңіл түрде зақым келтіру, ұрып — соғу баптары алынып тасталынды. Дегенмен кейбір қылымыстық баптардың жазалары күшейтіліп жатыр. Яғни мал ұрлау, масаң күйде көлік жол апатын жасаған деген баптар шықты. Ал терроризмді насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстар, зорлау, ұрлық, тонау, алаяқтық, бұзақылық, сондай-ақ, үй — жайға заңсыз кіру қылмыстарына жаза ауырлатылды, — деді Шымкент қалалық соттың судьясы Дінмұхаммед Анқабекұлы Әзіретқұлов.
Сондай-ақ, баспасөз мәжілісінде Шымкент қаласы Әл — Фараби аудандық сотының төрағасы Еркебұлан Тулешов соттың қарауына қазір түсіп жатқан қылмыстық істердің сексен пайызы электронды форматта қаралатынын және ешқандай қылмыстық іс қағаз жүзінде қаралмайтынын жеткізді.
Сонымен қатар соңғы жылдары соттың қарауына түсіп жатқан қылымыстық істердің саны азайып, ақтау үкімі көбейіп жатыр.
Еске сала кетейік, Президент биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында сот пен құқық қорғау саласына жаңа серпін беру мақсатында Конституциялық Соттың пайда болатындығы туралы да айтқан болатын.