Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » БІРІНШІ ТОҚСАНДА 11 МЫҢНАН АСТАМ ОТБАСЫҒА АӘК ТАҒАЙЫНДАЛҒАН

БІРІНШІ ТОҚСАНДА 11 МЫҢНАН АСТАМ ОТБАСЫҒА АӘК ТАҒАЙЫНДАЛҒАН

Шымкент қаласында бірінші тоқсанда он бір мыңнан астам отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған, деп хабарлайды қалалық ақпараттық — коммуникациялық орталығына  сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

2022 жылдың 1 тоқсанның қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға аз қамтамасыз етілген 11 679 отбасыға (57 407 адам) тағайындалды.

Ағымдағы жылдың 2 тоқсаны, яғни сәуір айы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік 4 431 аз қамтамасыз етілген отбасыға (20 762 адам) тағайындалған.

Бұл туралы Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Полатқызы Нарбекова қалалық қоғамдық кеңестің отырысында баяндады.

Анықтама:

Атаулы әлеуметтік көмек отбасының әрбір мүшесіне кедейлік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар азаматтарға тағайындалады.

Бүгінгі күні кедейлік шегі күнкөріс деңгейінің 70 пайыз деңгейінде немесе ағымдағы жылдың 2 тоқсанына орта есеппен 25 402,3 теңге болып белгіленді .

Осылайша, бір адамға (отбасына) келетін Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері жан басына шаққандағы орташа кіріс пен әр мүшесіне негізделген белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма ретінде есептеледі.

Сонымен қатар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1-6 жас аралығындағы балаларына ағымдағы жылға кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен орта есеппен 45 673 баланы қамтамасыз ету жоспарланған.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 16 033 азамат жұмысқа жарамды, оның ішінде өтініш берген кезде 12 193 азамат жүгіну кезінде жұмысы барлар.

— 73 адам нәтижелі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан.

Атап айтсақ:

— 44 адам тұрақты жұмыс орындарына;

— 27 адам қоғамдық жұмыстарға;

— 2 адам жастар практикасына.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*