Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ ТИІМДІ ӨТПЕК

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ ТИІМДІ ӨТПЕК

Биыл шымкенттік оқушылардың жазғы демалыстары тиімді өтпек, деп жазады қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Оқу жылы да аяқталды. 3 ай демалысты асыға күтетін бүлдіршіндер осы ұзақ мерзімде қайда, қалай демалып жүр? Жазғы демалысын тиімді әрі қызықты өткізген баланың дені сау, көңілі жайдары, ең бастысы білім алуға деген құлшыныстары да жоғары болмақ. Шуақты күн, шағыл құм, жағалалу – балалардың жазғы демалысын өткізуге таптырмайтын орындар. Шынықтырып қана қоймай, олардың жан – жақты дамуына әсер етеді.

Еліміздің үшінші мегаполисінде бұл бағытта биыл қандай шаралар қолға алынуда?

Шымкентте 186 634 оқушының жазғы демалысын тиімді өткізу шаралары жоспарланған. Бұл қаладағы мектеп оқушыларының 88 пайызын қамтуда.

Балаларды сауықтыру, жетілдіру, үйрету сияқты бос уақытты тиімді өткізу мақсатындағы шараларға биылғы қала бюджетінен 300 миллионға жақын қаржы бөлінген болса,

әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына басымдық берілген.

Аз қамтылған 7 241, балалар үйіндегі 147 және «Дарын» мектебінен 260 балаға саяжай лагерлерінде тегін демалуға жолдама берілсе, 27 655 оқушының ата — аналары есебінен демалатыны анықталған.

Бұдан бөлек, 130 мектепте сауықтыру бағытында 151 331 оқушыны түрлі үйірмелер және спорт секцияларымен қамту жоспарланған.

Саяжай лагерлеріне жолдама үшін аз қамтылған отбасы ата — аналары өтініштері халыққа қызм ету көрсету орталықтары және egov порталы арқылы онлайн форматта қабылдануда.

Жан басына қаржыландыру жүйесі арқылы, мәдениет саласы 12 000, спорт саласы 14 000 баланы жеке кәсіпкерлер арқылы балалардың қызығушылыға қарай үйірмелерге қамтуда. Бұл жаз бойы жалғасын табатын болады.

Сонымен қатар, шымкенттік балақайлар қалада үшін 11 қосымша білім беру ұйымдары және 17 аула клубтарында тегін үйірмелер ашылып, мәдени іс-шаралар өткізілетін болады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстың тарихи — мәдени орындарына экскурсиялар өткізу жоспарланған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*