Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТ: КЛИНИКАЛЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНДА ЖАҢА ХИРУРГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ҚОСЫЛДЫ

ШЫМКЕНТ: КЛИНИКАЛЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНДА ЖАҢА ХИРУРГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ҚОСЫЛДЫ

Шымкент қаласындағы клинникалық ауруханада жаңа хиррургиялық қызмет қосылды,  деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Шымкент қаласындағы клиникалық балалар ауруханасы он сегіз жасқа дейінгі балаларға медициналық көмектің барлық түрлерін көрсетуге арналған көп салалы аурухана. Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов аурухананың тыныс — тіршілігімен танысты.

Балалар ауруханасы 315 төсек — орынға лайықталып жабдықталған. Мұнда жиырма профильді бөлімше болса, оның сегізі хирругиялық бағытта қызмет көрсетеді. Сондай — ақ, аурухана құрамында күндізгі стационар, сәулелі диагностикалық орталық пен жарақат бекеттері де бар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы жылды «балалар жылы» деп жариялады. Осы бастаманы қолдай отырып, қалалық балалар клиникалық ауруханасында балалар денсаулығын жақсарту мақсатында оң өзгерістер орын алып жатыр.

Сонымен қатар, аурухана ішінде хирургиялық қызметті дамыту мақсатында жаңа профильдер ашылды. Атап айтқанда — нейрохирургиялық, күйік, урологиялық, торакальды хирургия, сондай-ақ, нейрохирургиялық медициналық оңалту бөлімшелерінің қызметтері де жолға қойылды. Неонатальды хирургиялық көмек көрсету түрі ұлғайып, жаңа туылған балаларға медициналық көмек тек қалалық балалар ауруханасында көрсетіле бастады. Нейрохирургиялық оталарды жандандыру мақсатында соңғы үлгідегі заманауи аппараттар орнатылды.

— Қаламыздағы медициналық мекемелердің материалдық — техникалық базасын жаңғырту, балалардың денсаулығын жақсарту басты міндетіміздің бірі болып табылады — деді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов.

Айта кетейік, Тәуелсіздік жылдарында еліміздің медицина саласы жоғары қарқынмен дамыды. Соңғы кездері Шымкент қаласының денсаулық саласы да жоғары көрсеткіштер көрсетіп келеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*