Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » КЛИНИКАЛЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНДА ЖАҢА ХИРУРГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ҚОСЫЛДЫ

КЛИНИКАЛЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНДА ЖАҢА ХИРУРГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ҚОСЫЛДЫ

Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасында жаңа хирургиялық қызмет қосылды,  деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Қаладағы клиникалық балалар ауруханасы 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық көмектің барлық түрлерін көрсетуге арналған көп салалы аурухана. Қала әкімі Мұрат Әйтенов аурухананың тыныс-тіршілігімен танысты.

Балалар ауруханасы 315 төсек-орынға лайықталған. Мұнда 20 профилді бөлімше болса, оның 8-і хирругиялық бағытта қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, аурухана құрамында күндізгі стационар, сәулелі диагностикалық орталық пен жарақат бекеті бар.

Мемлекет басшысы биылғы жылы балалар жылы деп жариялады. Осы бастаманы қолдай отырып, қалалық балалар клиникалық ауруханасында балалар денсаулығын жақсарту үшін оң өзгерістер орын алуда.

Аурухана ішінде хирургиялық қызметті дамыту мақсатында жаңа профильдер ашылды. Атап айтқанда — нейрохирургиялық, күйік, урологиялық, торакальды хирургия, нейрохирургиялық медициналық оңалту бөлімшелерінің қызметтері жолға қойылды. Неонатальды хирургиялық көмек көрсету түрі ұлғайып, жаңа туылған балаларға медициналық көмек тек қалалық балалар ауруханасында көрсетіле бастады. Нейрохирургиялық оталарды жандандыру мақсатында соңғы үлгідегі заманауи аппараттар орнатылды.

-Қаламыздағы медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын жаңғырту, балалардың денсаулығын жақсарту басты міндетіміздің бірі болып табылады — деді қала басшысы.

Биылғы жылдың Балалар жылы деп жариялануы тегіннен тегін емес. 2022 жылды іс жүзінде балаларды қорғау жылы ретінде өткізіп, білім
беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру сынды салаларда ел болашақтарына жете мән берілуі тиіс. «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз» деп атап өткен Мемлекет басшысының бастамасы қолдауға лайық.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*