Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов «Оңтүстік» айналма жолының құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Айналма жолдың құрылысы Ленгір тас жолынан КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейін жүргізіледі.
2021-2022 жылдарға жоспарланған жол құрылысының ұзындығы – 16 шақырым. Құрылысты «Корпорация Береке-А» мердігер мекемесі жүргізіп отыр.
Айналма жолдың Шымкент — Ташкент тасжолында қиылысатын бөлігінде көпір салынып, жол жабынының жерді қысымдау жұмысы атқарылып жатыр.
Құрылыс нысанының алты учаскесінде жолдың негізін дайындау, қазу жұмыстары қолға алынған. Ағымдағы жылы жолайрық құрылысы, байланыс, электр, газ, сыртқы сумен қамту жүйелерінің орнын ауыстырылуда. Жобаға сәйкес 4 орыннан жауын суына арналған Д1000, Д1500 құбырлары орнатылып жатыр.
Қазіргі кезде 6 учаскеде 14 экскаватор, қырық бес самосвал, сегіз каток, 5 грейдер, 1 бульдозер, 4 водовоз, 3 погрузщик, бір бензовоз, жалпы саны 81 техника қызмет көрсетуде.
Сонымен қатар, қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Дінмұхамед Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының 2 және 3 кезеңі бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады. Орындалған әрбір жұмысқа зертханалық сынақтамалар жүргізіліп, сапасы тексерілуін тапсырды.
Сондай ақ, Қонаев даңғылы жалғасының екінші кезеңі бойынша инженерлік желілердің орнын ауыстыру, мемлекет мұқтажына алынған үйлерді сүру жұмыстарымен қатар ұзындығы 0,561 шақырымды құрайтын үшінші кезеңі бойынша қазіргі уақытта жол мен аяқ жолдардың негізін әзірлеу, абаттандыру және жер үсті жаяу жүргінші өткелін жасау жұмыстары атқарылып жатыр.
Шымкент қаласында жол құрылысы сапалы әрі уақытылы аяқталса тұрғындар тарапынан қуанышты серпін байқалатыны сөзсіз!