Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Зорлық-зомбылықтың профилактикасы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Зорлық-зомбылықтың профилактикасы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Шымкентте студенттермен отбасындағы зорлық-зомбылықтың профилактикасы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды қалалық полиция басқармасының баспасөз өызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz

Отбасындағы жағдай баланың жарқын болашағына тікелей әсер етеді. Отбасы – бақытты балалықтың мекені.  Осы ұстаным әрбір жанұя мүшесінің басты қағидасына айналуы керек.

Қазіргі уақытта отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі қоғамда орын алып жатқан түрлі жайттар қоғамды алаңдатпай қоймайды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық баланың дамуына және оның өмір бойы басқа адамдармен қарым-қатынасына ықпал етеді. Осы ретте әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Венера Умаргазиева №3 арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығының мамандарымен бірлесе отырып, отбасындағы зорлық-зомбылықтың профилактикасы тақырыбында Шымкент қаласы Жол-көлік колледжінде студенттермен кездесті.

Жиында отбасылық құндылықтар туралы сөз қозғалып, үйде болған қиын мәселе зорлық-зомбылық арқылы шешілмейтіні туралы айтылды. Жастарды толғандырған сұрақтарға жауап беріліп, пікір алмасты.

«Отбасылық ұрыс-керіс, әйел мен бала саудасы – қазіргі қоғамда қатыгездіктің, зорлық-зомбылықтың бір көрінісі. Әлемді зорлық-зомбылықсыз көз алдымызға елестетіп қарағанда, қандай болар еді?! Бейбіт ел, ынтымағы жарасқан халық, үлгілі отбасын құру бәрі де адамның өз қолында. Біздің болашағымыз – жастар болғандықтан, біз студенттерге осыны жеткізу мақсатында профилактикалық шаралар ұйымдастырып отырамыз», — дейді сала мамандары.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары тұрмыстық зорлық құрбандарына көмек көрсету мақсатында азаматтарға бұндай жағдайда қорықпастан міндетті түрде «102» арнасына немесе «111», «150» қауырт желілеріне хабарласу қажеттігін ескертеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*