Шымкентте арнаулы әлеуметтік қызметтер әлеуметтік салада психоневрологиялық ауытқуы бар, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған мүгедек балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар азаматтарға, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жалғызілікті 1-2 топтағы мүгедектер мен қарттарға стационар, жартылай стационар, үйде қызмет көрсету жағдайында мемлекеттік мекемелерге альтернатив ретінде үкіметтік емес ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Бұл туралы jetpisbai.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шымкент қаласында есепті 4 ай кезеңге 2349 адам оңалту шараларымен қамтылды (2021 жылы – 2 094 адам). Оның ішінде: стационар жағдайда – 793 азамат, жартылай стационар жағдайда – 387 азамат, үйде қызмет көрсету жағдайда – 726 азамат, үкіметтік емес ұйымдар арқылы –443 азамат.
Сонымен қатар, психоневрологиялық патологиялары бар мүгедек адамдарға қаладағы қосымша №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы жанынан 50 орындық ғимарат салуға ұсыныс беріліп, жобалық сметалық құжаттама жүргізілуде құрылыс тарапынан 2022 жылға тиісті жұмыстар атқарылуда.
Осы бағытта Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты 12 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтар бар.
Шымкент қаласы бойынша 43 автоматты «Әлеуметтік такси» І,ІІ топтағы және 16 жасқа дейін тірек-қимыл аппараты бұзылған мүмкіндігі шектеулі жандарға, 18 «Инватакси» қызметі арнаулы жабдықталған қол арбадағы мүгедектігі бар азаматтарды тасымалдайды. Сонымен қатар, биыл мүгедектігі бар азаматтарға Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беруі іске қосылды. Яғни, ерекше топтағы азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерді өзінің электрондық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс беруге қол жеткізілуде.