Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » М.ӘЙТЕНОВ КАНАЛДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТЕКСЕРДІ

М.ӘЙТЕНОВ КАНАЛДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТЕКСЕРДІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов қаладағы каналдардың күрделі жөндеу жұмыстарын тексерді. Бүгінде Еңбекші ауданында орналасқан «Көк», «Чумчак» каналдарында су өткізу қабілеттілігін, сыйымдылығын арттыру мақсатында құрылыс қарқын алған.

Шымкентте жалпы 34 канал бар. Оның ішінде 27 канал ауылшаруашылығы бағытында қолданылса, 7-і ирригациялық мақсатта пайдаланылуда.

Қазіргі сәтте ұзындығы 57,2 шақырымды құрайтын бес каналды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Оның екеуі өткен жылдан өтпелі болса, үшеуіне күрделі жөндеу жұмыстары осы жылы басталған. Каналдардың құрылысы аяқталғанда су өткізу қабілеттілігі ұлғайып, жаңадан 1700 га егіс алқабы игеріледі.

Қала әкімі аралау барысында қала үшін каналдардың маңыздылығына тоқталып, мердігерлерге жұмыстың сапасына мән беруді тапсырды.

–Каналдар калаға ауылшаруашылық үшін су жеткізудің негізгі көзі болғандықтан оларды күтіп ұстау мен тиімді пайдалану аса маңызды. Жөндеуден өткен каналдардың су өткізу қабілеті де жоғарылайды. Бұл өз кезегінде шаруалардың дәнді-дақылдар мен көгөніс және мал азықтық өнімдерін жетілдіруге мүмкіндігін арттырады. Сондықтан құрылыс барысында бетондаудың технологиялық талаптарын сақтап, жұмыстар өз мерзімінде аяқталуы тиіс, -деді қала әкімі.

Текесу және Янгибай каналдарына «Шымкент қаласының өзен және канал арналарына механикалық тазалау бойынша сервистік қызмет көрсету» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Бас мердігер «A-III Групп» ЖШС компаниясы. Ал, жалпы ұзындығы 26 шақырымды құрайтын Көк және Чумчак каналдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған каналдардың жөндеу жұмыстары 2021 жылы бастау алып, ағымдағы жылы аяқтау жоспарлануда. Бас мердігер компания «ПМК-7к» ЖШС.
Сонымен бірге, қала аумағында 2027 жылға дейін 27 каналды қалпына келтіру жұмыстары атқарылып, тағы бес мың га егістік жерді айналымға қосу жоспарланған.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*