Шымкент қаласының әкімі М. Әйтеновтың бастамасымен «Шымкент жастар лигасына» жобасының жалпы орта білім беру мекелерінің оқушылары арасында волейбол ойындарының финалы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Спорттың волейбол түрінен 129 команда, 1458 оқушы қатысып, финалдық кезеңге әр ауданнан төмендегі командалар қатысты.
Жарыс спорттың футбол, волейбол, баскетбол, сонымен бірге интеллектуалдық шахмат ойындарынан өтті. Жалпы жүлде қоры 80 млн. теңге. Жеңімпаз командаларға 20 млн. теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілді.
Осы спорттық жарыстарға төрелік етуге және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге 400-ге жуық дене шынықтыру және спорт саласының мамандары жұмылдырылған.
Абай ауданынан:
- Ахмет Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясы;
- №118 Көкбұлақ жалпы орта білім беретін мектебі;
- З.Космедемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі;
- №54 жалпы орта білім беретін мектебі;
Әл-Фараби ауданынан:
- №1 А.С.Пушкин атындағы мектеп — гимназиясы;
- К.Сыпатаев атындағы №7 мектеп-лицейі;
- №129 жалпы орта білім беретін мектебі;
- Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясы;
Еңбекші ауданынан:
- №134 жалпы орта білім беретін мектебі;
- Е.Юсупов атындағы №104 жалпы орта білім беретін мектебі;
- Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы;
- Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясы;
Қаратау ауданынан:
- №131 жалпы орта білім беретін мектебі;
- Әл-Фараби атындағы №113 жалпы орта білім беретін мектебі;
- №103 жалпы орта білім беретін мектебі;
- З.Хусанов атындағы №110 жалпы орта білім беретін мектебінен құралған командалар жарысқа түсті.
Нəтижесінде:
ІІІ-орын — Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясы;
ІІ-орын — Ахмет Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясы;
І-орын — Әл-Фараби атындағы №113 жалпы орта білім беретін мектебі жеңіске жетті.
Жеңімпаз командалар 1 маусым күні Қажымұқан орталық стадионында марапатталатын болады.