Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТТЕ 50 СПОРТТЫҚ ІС-ШАРА ӨТЕДІ

ШЫМКЕНТТЕ 50 СПОРТТЫҚ ІС-ШАРА ӨТЕДІ

Шымкент қаласында маусым мен желтоқсан айлары аралығында 50 спорттық  іс-шара өтеді. Оған 10 мыңнан астам шымкенттік спортшы қатысады деп жоспарланып отыр.  Бұл туралы қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы жариялады, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда оның:

11-і «Шымкент қаласының чемпионаттары». Спорттың жеті түрінен (садақ ату, гимнастика, жеңіл атлетика, баскетбол, волейбол, дзюдо, қазақ күресі)  өтеді. Бұл жарысқа 2 мыңнан аса бала қатысады деп жоспарлануда.

16-ы «Қазақстан Республикасының чемпионаттары». Ол спорттың 11 түрінен (футбол, волейбол, көркем гимнастика, баскетбол, садақ ату, жүзу, қол добы, қазақ күресі, конькимен мәнерлеп сырғанау, каратэ, шорт-трек) өтеді. Аталған іс-шараға 3 600 бала қатысады деп күтілуде.

Сондай-ақ, 23-і «Халықаралық, республикалық деңгейдегі жарыстар». Бұл спорттың 15 түрі бойынша (футбол, көркем гимнастика, баскетбол, садақ ату, жүзу, қазақ күресі, еркін күрес, грек-рим күресі, бокс,  таэквондо, жеңіл атлетика, үстел теннисі, стенд ату, оқ ату, шорт-трек) ұйымдастырылады. Бұл жарыс түрлеріне бес мыңға жуық бала қатыспақ.

Осы орайда, спортшыларымыз байрақты бәсекеде  өз шеберліктерін көрсетіп, биік шыңдарды бағындырар деген сенім білдіреміз. Сәттілік серік болып, жеңісті күндер көп болсын.

Сонымен қатар, қала әкімінің бастамасымен жастарды бұқаралық спортқа баулу үшін «Шымкент жастар лигасы» ұйымдастырылды. Оған қаланың төрт ауданындағы 151 білім беру ұйымынан 6 мыңға жуық оқушы қатысты. Байрақты бәсекеде оқушылар баскетбол, болейбол, футбол және интелектуалды шахматтан бақ сынады. Жалпы жүлде қоры 80 миллион теңге. Жеңмпаз командаларға 20 миллион теңгеден үлестірілді.
Шымкент қаласы спорт және дене шынықтыру басқармасының мәліметінше, 2022 жылы мемлекеттік тапсырысты іске асыруға жергілікті бюджеттен 2,3 миллиард теңге қаралып, 14 мың баланы тегін спорттық секциямен қамту жоспарланып отыр. Жан басына қаржыландыру – спорт инфрақұрылымын дамытуға, салауатты өмір салтын белсенді насихаттауға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*