Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЕКІ ЖЫЛДА ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КӨШЕЛЕР 70 ПАЙЫЗҒА ЖЕТЕДІ

ЕКІ ЖЫЛДА ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КӨШЕЛЕР 70 ПАЙЫЗҒА ЖЕТЕДІ

Шымкент қаласының көшелерін түнгі жарықшамдармен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 2022-2023 жылдары 208 көшеге жарықшам орнату жоспарлануда. Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 70 пайызға жетпек.

2021 жылдың қорытындысымен орталық маңызы бар 747 көшенің 356 көшесі жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 43,4 %-ды құрады. Жоспар бойынша өткен жылы 104 көшені жарықтандыру қажет болса, жоспар артығымен орындалып, 136 көшеде жұмыстар толығымен аяқталды.

Бұдан бөлек, «Ақылды қала» жобасы негізінде жарықтандыру жүйелерін толықтай автоматтандыру жолға қойыла бастады. Ол диспетчерлік орталық арқылы басқарыла бастады. Орталыққа қай көшелер қосылып немесе өшіп тұрғандығы, қай көшеде қанша жарықшам істен шыққандығы, пайдаланылған электр қуаты туралы ақпараттар «сигнал» арқылы беріліп отырады.

Алдағы уақытта әр жарықшамның килловаты, түнде, көлік қозғалысы баяулағанда жарықтық дәрежесін автоматты төмендету арқылы энергия үнемдеу сынды функцияларды қосу жоспарланған.

Қазіргі таңда, 40-қа жуық көше диспетчерлік орталыққа қосылған. Жыл соңына дейін көше санын 100-ге жеткізу көзделген.

Айта кетейік, қаладағы жарықтандыру желілері автоматтандырылған басқару жүйесіне қосылып жатыр. Диспетчерлік орталықта қай көшелер қосылып немесе өшіп тұрғандығын, қай көшеде қанша жарықшам істен шыққандығын көрсететін бұл жүйеге әзірге 40 көше қосылған. Жыл соңына дейін 100 көше қосылады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, қаламызда бүгінгі түнгі жұмыстар нәтижесінде Елшібек батыр, Аймауытов, Уалиханов көшелерінде жол сызықтары, жаяу жүргіншілер өткелдері жаңартылды. Жұмыстар көлік қозғалысына кедергі келтірмеуі мақсатында түнгі уақытта атқарылды.

Шымкент қаласында биыл 450 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылатын болады. Оның ішінде 250 шақырымы термопластиктен, ал қалған 200 шақырымы акрильді бояумен сызылады. Жалпы бүгінге дейін 100 шақырымнан астам көшенің жол сызықтары жаңартылды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*