Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТТЕ КӘСІПКЕРЛЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ КӘСІПКЕРЛЕР ФОРУМЫ ӨТТІ

Елімізде кәсіпкерліктегі даулы мәселелерді шешуге бағытталған Қазақстан Республикасының Медиация туралы Заңы қабылданғаны баршаға мәлім. Аталған заң медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеп, іс жүргізу қағидаттарын белгілейді. Медиация дау-жанжалдарды өркениетті жолмен шешуге көмек береді. Осыған орай, Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығында «Келісім-шарттық міндеттемелерді орындаудағы қамтамасыз ету кепілдемелігі» атты кәсіпкерлер форумы өтті, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпарат агенттігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бизнес саласына инвестор тарту мен кәсіпорындардың арасындағы даулы мәселелерді азайту мақсатында ұйымдастырылған шараға қаламыздың кәсіпкерлері, халықаралық медиация орталығының сарапшылары мен кәсіби медиаторлар қатысты.

«Биыл кәсіпкерлерге көптеген мүмкіндіктер берілуде. Шымкент қаласы еліміздің ірі сауда орталығы екені белгілі. 2021 жылдың статистикалық мәліметтеріне жүгінсек, жалпы өңірлік өнім көлемі 2,65 триллион теңгені құраған. Оның ішінде өнеркәсіптің көлемі 22 пайыз, сауда 25 пайыз, құрылыс 5 пайызын ауыл шаруашылығы 1  пайыз ды құрайды. Өнеркәсіп салаларының ішінде көп үлесін қосып отырған-шағын және орта бизнес. Осы жылы 108 млрд теңгеге инвестиция тартылып, өсім көлемі 78,2 пайызды құраған. Яғни бұл кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасалынып жатқандығының көрінісі. Бүгінде бізде мұнай, фармацевтика, машина жасау, тоқыма, металлургия салалары күн санап дамып келеді. Қазіргі таңда индустриалды аумақтарды құру бойынша арнайы жобалар жүзеге асуда»,-деді Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысының міндетін атқарушы-Тұрманов Ермек Полатұлы.

Жиында сөз алған халықаралық кәсіби медиатор Сейдазова Гулизат медиацияның қызметіне жан-жақты тоқталып, жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында инвестор тартуға көмек беретінін атап өтті.

Кәсіпкерлер форумы сұрақ-жауап, пікір алмасумен қорытындыланды.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*