Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ

ШЫМКЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ

31 мамыр — қазақ халқының демографиялық әлеуеті мен адами капиталына өтелмес шығын әкелген нәубеттердің құрбанын еске алу күні.

Бұл күн – Қазақстан қоғамы үшін әрі қасіретті, әрі қасиетті дата. Қасіретті болатыны, ел ішінде ХХ ғасырдың өн бойында жалғасқан саяси-қуғын сүргіннің ызғары шарпымаған әулет жоқ. Қасиетті болатыны, үш ғасырдан астам уақытқа созылған тәуелсіздік жолындағы күрестің соңғы құрбандары осы нәубеттерден зардап шеккен болатын.

Бүгін Шымкенттегі «Қасірет» мемориалында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шара өтті. Қаралы жиында тағдырдың қатал сынағына ұшыраған боздақтарға құрмет көрсетіліп, бір минуттық үнсіздікпен басталды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов,  қалалық мәслихат депутаты Бахадыр Нарымбетов пен зиялы қауым өкілдері «Ана мен бала» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Бабалар кешкен қайғылы сәттер театрландырылған көріністер арқылы көрсетіліп, сахналандырылған қойылым қойылды. Жиналғандар бабалардың рухына құран бағыштап, өткен күнге салауат айтты.

Тәуелсіздік алғаннан кейін 1993 жылы 14 сәуірде жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Ал, Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1997 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси куғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы, сондай-ақ 31 мамыр – саяси саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп жариялады.

Жалпы, зерттеушілер деректеріне сүйенсек, 1927-53 жылдары Қазақстан бойынша 125 мыңнан бастам адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 25 мыңы атылды. Осы қуғын сүргін жылдарында бүкіл елде 953 лагерь болған. Қазақстанда ГУЛаг-тың 20-дан астам лагері орналасқан.

Тәуелсіздік жылдары аралығында 146,5 мың күнәсіз жазғырылған отандасымыздың аттары жазылған 14 «Аза кітабы» жарыққа шықты. Заңнамаға сәйкес, 340 мыңнан астам заңсыз қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар ақталды. Қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау шаралары әлі де жалғасады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*