Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Шымкент қаласында «1 Маусым – Халықаралық баларды қорғау күні» салтанатты түрде аталып өтті. Мереке Әл-Фараби алаңында 500-ге жуық балақайдың жол бетіне балғын шақтың әсерлі сәттерін бейнелеуден басталып, оқушылардың қолымен жасалған қолөнер бұйымдарының көрмесіне ұласты, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Салатанатты жиынға қатысқан қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов бүлдіршіндерді бүгінгі мерекемен құттықтап, балалар жылы аясында бірқатар жаңа нысандар іске қосылатынын жеткізді.

–Балаларымыз – біздің бақытымыз және болашағымыз!

Мемлекет басшысы 2022 жылды Балалар жылы деп жариялауына орай 42,9 миллиард теңге қаржы қарастыра отырып, 84 тармақтан тұратын арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді.

Биыл қаламызда 143 балалар ойын алаңшасы, 33 спорт алаңшасы, 16 мектеп, 1 оқушылар сарайы мен №2 балалар саз мектебі іске қосылады. 2021-2022 жылдары оқу жылында қаламыздың бес жүзден астам оқушы республикалық, халықаралық деңгейдегі түрлі сайыстарда дарындылығын көрсетіп топ жарды. Бұл біз үшін мақтаныш. Ең алдымен шымкенттік ұлағатты ұстаздардың ерен еңбегінің жемісі. Сондай-ақ, оқушылардың дамылсыз білім алып, оқып-үйренуге жұмсаған алтын уақытының қайтарымы деп білемін, -деді қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов.

Бұдан кейін білімімен, дарынымен топ жарып жүрген дарынды оқушылардың керемет шеруіне жалғасты. Олар – халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жеңімпаздары.

Балалар күніне орай ұйымдастырылған салтанатты кешке жиналған балалар мен ата-аналар, Бахадыр Нарымбетов бастаған қала мәслихатының бір топ депутаттары Қазақстан Республикасының Халық әртісі Майра Мұхамедқызы және қаламыздың өнерпаз, дарынды бүлдіршіндерінің өнерін тамашалады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*