Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ӨТКЕН КЕЗДЕСУ

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ӨТКЕН КЕЗДЕСУ

Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының барлық аудандық бөлімшелерінде орталық қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында кездесу өтті.

Кездесуге «Әділдік жолы» РҚБ Шымкент каласы филиалының басшысы, Зангер Кесебаева Айжан Омирзаккызы, «Арыз-шағымдар және ішкі қауіпсіздікті бақылау» бөлімінің басшысы С.Карабайулы мен бөлім мамандары қатысып, ұжымда жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру және қызметтерін заң шеңберінде адал атқару қажет екендігін хабарлай отырып, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі түрде профилактикалық шараларды өткізу қажеттігін назарға ұсынды.

Айта кетсек, қалалық жұмыспен қамту орталығында «Арыз-шағымдар мен ішкі қауіпсіздікті бақылау бөлімі» комплаенс жүйесі арқылы жұмыс атқарады:

-орталықтың сапалы қызмет көрсетуіне байланысты Заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен хаттар;

-арыздар мен өтініштерді жан-жақты саралау, құзырлы органдармен бірлесе отыра арыз-шағымдар бойынша толыққанды мәлімет жинау, тікелей арызданушы жеке және заңды тұлғалардың Орталыққа қатысты шағымын толыққанды заңнамалар талаптарына сай уақытылы қарауды және жауап берілуін қамтамасыз етілуін қадағалайды;

-орталық бөлімшелерінің сапалы қызмет ұсынуын қадағалау,мониторинг жүргізу;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізу және тағы басқа да жұмыс жүргізуде.

Егер де, сіз мемлекеттік мекеме қызметшілерінің тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыз немесе заңсыз сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының еріксіз куәгері болсаңыз, онда сізге Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке) немесе бірыңғай Сall-орталығы арқылы тегін 1424 нөмірі бойынша хабарласу қажет.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*