Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ ӨЗГЕРІСТІ ҚОЛДАЙДЫ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ ӨЗГЕРІСТІ ҚОЛДАЙДЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселе еліміздегі үлкен саяси оқиға – Референдум өткізу және оған белсене түрде қатысу мәселесіне арналды.

Жиынға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, партия жанындыға Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес төрайымы Ж.Таңатарова, Шымкент қалалық мәслихат депутаты Т.Сұлтанова, «Шымкент қаласы бойынша Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Ж.Білісбеков, қалалық «Әйелдер кеңесінің» төрайымы Б.Жандосова және БАҚ өкілдері қатысты.

— «Елімізге түбегейлі өзгерістер қажет екені көптің көкейінде жүрген мәселе. Мемлекет басшысының өзі де өзгерістерге мүдделі екенін және соған сенімділігін биылғы 16 наурызындағы Қазақстан халқына Жолдауы арқылы көрсетті. Соның нәтижесінде референдум өткізу туралы қаулысы жарық көргені баршамызға мәлім. Міне, сол сәттен бастап еліміздің барлық аумағында саяси науқанның дайындығы жүргізіліп келеді. Арнайы республикалық, облыстық, қалалық штаб құрылып, кездесулер, дөңгелек үстел, түрлі форматтағы жиындар ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, БАҚ-тың барлық түрлерінде ұсынылатын түзетулер кеңінен түсіндіріліп келеді. Референдумға арналған арнайы айдарлар мен хэштегтер ашылды. Еліміздің Конституциясына енгізілетін өзгерістердің мәні түсінікті тілде жеткізетін көрнекі жадынамаларды, графикалық өнімдерді шығару және көбейту қамтамасыз етілді», — деді Ж.Бектаева.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Осыған орай бүгінде ел аумағында алдағы конституциялық реформаны өткізудің маңыздылығын түсіндіру жұмыстары басталып кетті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*