Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТТЕ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

ШЫМКЕНТТЕ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкентке іс-сапармен ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық –демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі, ҚХА жанындағы республикалық Аналар кеңесінің төрайымы,ҚР Премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі Нәзипа Ыдырысқызы Шанаи келді.

ҚР Премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі Үкіметтің «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарында көрсетілгендей, әр бір өңірде отбасыларға көмек пен қолдау көрсетілетін Орталықтардың ашылуы жөнінде тиісті тапсырмалардың орындалуы бойынша бірқатар жұмыстармен танысты.

Нәзипа Ыдырысқызы бастаған топ қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Бақытты жанұя» мекемесіне барып, ондағы көп балалы аналарға, орталық арқылы көрсетілетін қызметтермен танысты.

Жалпы, орталықта түрлі бағыттар бойынша оқу курстары бар. Атап айтқанда, кондитерлік, компьютерлік сауаттылыққа үйрету, шаштараз, SMM, маникюр-педикюр, дефектолог-логопед тіл кемістігі бар балалардың аналарына тыныс алу және артикуляциялық жаттығуларын үйретеді. Мақсат — аз қамтамасыз етілген отбасылар мен көп балалы аналарға қолдау көрсету. Жыл басынан бері 7 мыңға жуық азаматқа қызмет көрсетілді, яғни психологиялық, құқықтық кеңес береді. Атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, тұрғын үй кезегіне тұру, Еqov.kz порталынан қызметтерін алу мәселелері бойынша көмектерін ұсынады.

Іс-сапар бағыты зейнеткерлерге қолдау көрсету мақсатында ашылған «Белсенді өмір сүру орталығында» жалғасты. Онда Шымкенттегі зейнеткерлерге арналған сауықтыру бағыттары емдік массаж , психологиялық тренингтер, спортпен шұғылдануына жасалған мүмкіндіктерімен танысты. Сондай-ақ, орталықта қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға да ерекше көңіл бөлінген. Айта кетсек, орталық күніне 4 сағат ақысыз жартылай стационарлық жағдайында және жалғызілікті қарттарға 8 сағаттық медициналық және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Былтырғы жылы қалада осындай орталықтың тағы бір ғимараты ашылып, ол жақта да зейнет жасқа жеткен азаматтарға түрлі сауықтыру қызметтері көрсетіледі.

Содан соң, былтыр ғана ашылған ««TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығының тынысымен танысу жұмыстары жалғасты. Жұмыс тобына мүгедектігі бар азаматтардың қала өміріне белсене араласуына мүмкіндік жасау және оларға көрсетілетін қызмет түрлерін қолжетімді ету мақсатында ашылған орталықтың «Бір терезе» қағидасымен жұмыс жасайтындығы жөнінде түсіндірілді. Яғни, «Әлеуметтік қызметтер көрсету порталында» мүгедектігі бар қызмет алушыларға «Әлеуметтік порталмен» қолдану жолдарын үйрене отырып, қызмет түрлерін көрсетеді. Атап айтқанда, ақпараттық — консультациялық қызметтер,әлеуметтік қызметтер, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және құқықтық – психологиялық қызметтер көрсетіледі.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*