Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТ: ӨТЕГЕНОВ КӨШЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 2023 ЖЫЛЫ АЯҚТАЛАДЫ

ШЫМКЕНТ: ӨТЕГЕНОВ КӨШЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 2023 ЖЫЛЫ АЯҚТАЛАДЫ

Шымкент қаласындағы А-2 автомобиль жолы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

А-2 автомобиль жолында қазір құрылыстың ІІ кезеңі жүруде. Ұзындығы 2,48 шақырымды жол Ынтымақ шағынауданынан Темірлан тас жолына дейінгі аралықты құрайды. Жоба бойынша ені 30 метр 4 жолақты жолдың екі жағында ирригациялық жүйе мен жасыл аймақ, тратуар, жарық шамдар көзделген. Қазіргі таңға сақина типті жолайрығының құрылысы жүргізілуде. Нысанды осы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Сонымен қатар, жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына қайтару жұмыстары мен Барыс базары маңында сақиналы жолайрықтың жол негізі жасалуда.

А-2 жолының IV кезеңі Темірлан тас жолынан Бадам өзені көпіріне дейінгі жолдың ұзындығы 1,86 шақырым. Жобаға сәйкес автомобиль жолының ені 35,5 метр, 6 жолақты, ирригациялық жүйе мен жасыл аймақ және тротуар салу көзделген. Бүгінде құрылыстың 40% орындалып, жыл соңына дейін қолданысқа беру жоспарда бар.

Қазіргі уақытта жерді мемлекет мұқтаждығына қайтару жұмысы жүруде. Бүгінге дейін 47 жер телімінің 9-ы қайтарылған. Сондай-ақ, жолдың бір жақ бөлігінің жер негізін жасау жұмыстар атқарылып жатыр.

Соынмен қатар, қала әкімі Мұрат Әйтенов Өтегенов көшесі жалғасының жұмысын тексерді. Көшенің бірінші кезеңі Шымкент сити шағынауданынан Сырым батыр көшесі аралығын қамтиды. Жобаның жалпы ұзындығы 1,205 шақырым, ені 28 метр. Жолдың жүріс бөлігі 4 жолақты. Қазір жерді сәйкестендіру және қысымдау жұмыстары атқарылуда.

Өтегенов көшесі жалғасының ІІ кезеңі Сырым батыр көшесі мен Төлеметов көшелері аралығы қамтылған. Жалпы ұзындығы – 0,970 шақырым, ені – 23,5 метр. Екі кезеңің де құрылыс 2021 жылы басталып, 2023 жылы падалануға беру жоспарланған.

Аталған құрылыс жұмыстар толық аяқталғанда Бәйдібек би даңғылының қазіргі көлік жүктемесі едәуір жеңілдейді.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*