Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТТЕ КӨКТЕМГІ ЕГІС НАУҚАНЫ АЯҚТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ КӨКТЕМГІ ЕГІС НАУҚАНЫ АЯҚТАЛДЫ

Байлықтың атасы еңбек-анасы жер. Шымкенттік шаруалар көктемгі егіс науқаны аяқтады, деп хабарлайды «Ońtústik» телеарнасының тілшісі Ә. Дәулетбекқызының материалына сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Еліміздің өзге өңірлері əлі көктемгі егін науқанын аяқтай алмай жатқанда Шымкенттік шаруалар орағын сайлап отыр.

Шымкенттік шаруалар биыл көктемде 30 мың гектар алқапқа соқа салды. Егілген егіннің ішінде әсіресе мал азықтық дақылдардың үлес салмағы басым.

Ерте көктемдегі егіс науқанын осылай жүргізуді бір ғана шаруашылықтың мысалы ретінде көрсеткен қалалық ауыл шаруашылығы басқармасы қазірде қаладағы барлық диқандардың шаруалары қызып тұрғанын атап өтті.

Қалалық ауыл шаруашылығы басқармасы берген мәліметке сүйенсек игерілген жалпы жердің үштен біріне төрт түліктің азығына қажетті тұқым себілген. Сонымен қатар биыл қала аумағында майлы дақылдар мен бақша өнімердерін көптеп егуге басымдық беріліпті. Бүгінде шаһарда көктемгі егін науқаны аяқталды. Өнімнің шығымдылығы мен қатар шаруаларға мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетілгені жайлы Дәрібек Оңласын тарқатып айтады.

«Дархан» агрофирмасы 1995 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Бүгінде бұл шаруашылықта 1000 гектар жер бар. Оның 200 гектары жайылымдық, ал қалған 800 гектар есістік алқабы. Егін алқаптарына  бидай, мақсары егілген. Сондай-ақ бұл фирмада 20 жуық адам жұмыс жасайды. Дала жұмыстарына қажетті 16 ауылшаруашылық техникасы бар.

Биылғы көктемгі дала жұмыстары үшін 2000 тонна жанар жағармай бөлінген. Олар науқанда қатты отынның литрін,жеңілдетілген бағамен, яғни 189-теңгеден алыпты. Ал, қара күзде тағы 1000 тонна жанар жағармай беріледі, деп күтілуде.

Биылғы жылы өнімділікті арттыру мақсатында жергілікті шаруаларға минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау үшін – 122 млн 146 мың теңге бөлінген. Ал, тұқым шаруашылығын дамытуға 20 млн 480 мың теңге қарастырылыпты. Өткен  жылмен салыстырғанда қаржыландыру 12%-ға артқан.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*