Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАҒЫ СӘН КИІМ ҮЛГІЛЕРІНІҢ КӨРМЕСІ ӨТУДЕ

ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАҒЫ СӘН КИІМ ҮЛГІЛЕРІНІҢ КӨРМЕСІ ӨТУДЕ

Шымкентте қала күні мерекесі қарсаңында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасының аясында «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» фестивалі өтіп жатыр.

Аталған іс-шара «Ынтымақ» этносаралық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қаламызда алғаш рет қолға алынып отыр. Қазақи нақышқа толы көрмені тамашалауға Алматы және Шымкент қаласы сән үйлерінің өкілдері мен дизайнерлері және қала тұрғындары келді.

– «Ұлттық киім – ұрпаққа мұра» фестивалін өткізудегі мақсатымыз – Ұлы Дала мәдениетінің бірден-бір мұрагері қазақ халқының ұлттық киім үлгілерінің қолданысын аясын кеңейту және жас ұрпаққа дәстүрлі киім үлгілерін ұсыну болып отыр. Сонымен қатар қаламыздағы ұлттық киім индустриясында қызмет атқаратын жас дизайнерлер мен зергерлердің қолынан шыққан бұйымдары — дәстүрлі киімдер мен әшекейлер, ат-әбзелдері, құрақ көрпе, күнделікті тұрмыста қолданатын дүниелерді кеңінен танымал ету. Бүгінгі іс-шарада балалар мен қариялар нео-этно стиліндегі ұлттық киімдер шеруін өткізеді. Одан бөлек Мирас, Ақсукент, ОҚМПУ жоғары оқу орындарының сән мектептері өздерінің топтамаларын таныстырады,- деді «Ынтымақ» этносаралық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гауһар Төлепова.

Қазақи сән киім үлгілерін дәріптеген бұл іс-шарада 9 коллекция көрсетіледі. Оның ішінде 4 топтама «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігіне тиесілі.

Айта кетсек, биыл Шымкент қаласының республикалық маңызды қала мәртебесін алғанына 4 жыл толады. Қала күніне орай ұйымдастырылатын арнайы мерекелік іс-шаралар жоспары бекітілген. Алдағы алты күнге созылған мерекелік бағдарламалар бүгін, 14-маусым күні сағат 10:00-де Тәуелсіздік саябағында өтетін «Фан клубтар» шеруімен басталып, жексенбі, 19-маусым күні сағат 20:00-де Әл-Фараби алаңында өтетін «Шарықтай бер, Шымқала!» атты мерекелік концертпен аяқталады.

Қала күнін бірге атап өтейік!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*