Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ ШАЛҒАЙ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРГЕ ДЕ ЖЕТТІ

КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ ШАЛҒАЙ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРГЕ ДЕ ЖЕТТІ

Шымкентте Ұлағат, Мирас шағынаудандары мен Тассай тұрғын алабында инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Аталған елді мекен тұрғындарын биыл әсіресе кәріз жүйесімен толық қамтамасыз ету жоспарланған. Сондай-ақ бұл жұмыстардың сапалы және уақытында орындалуы қала әкімдігінің жіті назарына алынған.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов шалғай орналасқан Ұлағат, Мирас, Тассайда болып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілетем жасаған «jetpisbai.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ұлағат шағынауданында кәріз жүйесінің құрылысын мердігер «Алемстрой-1» компаниясы жүргізіп жатыр. Құрылыстың ұзындығы 40,9 шақырымды құрайды. Мердігер мекеме құрылысты бітсе, 2248 абонент кәріз жүйесіне қосылады. Қазіргі таңда құрылыстың 18,3 шақырымы аяқталып, жоспарлы жұмыстың 40 пайызы орындалған. Нысан осы жылдың қарашасында ел игілігіне берілмек.

Тассай тұрғын алабында да кәріз жүйесінің қажеттілігі бірнеше рет көтерілген болатын. Биыл бұл бағытқа қаржы қаралып, құрылыс басталып кетті. Мұндағы кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстарын Мердігер «Сарыағаш Аман» жауапкершілігі шектеулі серіктесіктері қолға алып, 115,2 шақырым кәріз жүйесінің 66,3 шақырымына құбыр тартып үлгерген. Бүгінде орындалған жұмыс құрылыстың 62 пайызын құрап отыр. Алайда, нысан келер жылы іске қосылады.

Қала әкімінің сапары Мирас шағынауданында жалғасты. 980 түтіні бар Мирас шағынауданы электр жарығы, ауыз су және табиғи газбен толық қамтылған. Бүгінде елді мекенге кәріз жүйесі жүргізіліп жатыр. Жобаға сәйкес, Мирасқа 50,4 шақырым кәріз жүйесі жүргізіліп, ол ары қарай Шапағат-2 шағын ауданына ұзартылады. Бүгінде «Ынтымақ Бес Арыс» жауапкершілігі шектеулі серіктесіктері құрылыстың 38 пайызын орындаған. Нысан қараша айында пайдалануға берілмек.

Айта кетейік, биыл шаһарда 14 нысанның құрылысы қолға алынған. Жыл соңында 2 магистральді кәріз коллекторы, 1 кәріз сорғы станциясы (КНС) және 6 елді мекендегі нысан құрылысы аяқталып, 65 мың адам кәріз жүйесін пайдаланбақ.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*