Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ «AZALA TEXTILE» ФАБРИКАСЫ ӨНДІРІС ҚУАТТЫЛЫҒЫН ҰЛҒАЙТТЫ

ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ «AZALA TEXTILE» ФАБРИКАСЫ ӨНДІРІС ҚУАТТЫЛЫҒЫН ҰЛҒАЙТТЫ

Шымкентте «Қала күні» мерекесі қарсаңында «AZALA Textile» фабрикасы өндірісін кеңейтті. Атап айтқанда, қосымша 100 жаңа жұмыс орны ашылды. Салтанатты іс-шараға қатысқан қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов ұжымды алдағы мерекемен құттықтады, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «jetpisbai.kz» ақпараттық агенттігі.

–Баршаларыңызды келе жатқан қала күнімен құттықтаймын. Өздеріңізге белгілі, қазіргі таңда Шымкент қаласында қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру мақсатында қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бүгін шырайлы Шымкент қаласының күні қарсаңында «Azala Textile» фабрикасының тігін өндірісінің кеңейтілуіне байланысты салтанатты іс шараға қатысып отырмыз.

Осы сәтті пайдалана отырып, кәсіпорын басшысына қаламыздың экономикасының дамуына қосып отырған үлесі үшін алғыс білдіріп, тағы да шын жүректен құттықтаймын, -деді қала әкімі Мұрат Әйтенов.

«Azala Textile» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – Шымкент қаласындағы толық циклдегі жалғыз тоқыма комбинат. Тігін өндірісін кеңейту үшін фабрикаға қосымша 200 миллион теңге инвестиция құйып, 80-ге жуық тігін машинасы орнатылған.

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақта орналасқан кәсіпорын тоқыма бұйымдар, медициналық төсек-жабдықтар мен отандық құрылыс компанияларының арнайы киімдерін өндіреді.

Фабрикада әскери киім тігуге арналған «Берік» атымен белгілі болған мата әзірленіп, қазіргі уақытта халықаралық зияткерлік патенттеуден өтуде. Жаңадан өндірілген мата (камуфляж) сапасы жағынан Ресей маталарынан кем түспейінін атап өтуге болады.

Қазіргі таңда «Azala Textile» фабрикасы ҚДС (мемлекеттік қорғаныс тапсырысы) бойынша Қазақстан Республикасының әскери құрылымдарының киімдеріне арналған маталарды өндіретін еліміздегі жалғыз кәсіпорын.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*