Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТТЕ СИМУЛИЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ СИМУЛИЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Шымкентте «қала күні» мерекесі мен медицина қызметкерлері күніне орай, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен медициналық жедел жәрдем стансасында орталықтандырылған симуляциялық орталық ашылды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агентттігі.

Қалалық жедел жәрдем стансасының бас дәрігері Гүлнәр Құрманбекова ашылған орталықтың жұмысымен таныстырып өтті. Жаңа орталықта медицина мамандарымен қатар, апатты шақыртуларға алғашқы болып баратын төтенше жағдай қызметiнiң мамандары мен полицейлер де заманауи шұғыл көмек көрсетудің әдic-тәсiлдерiн меңгеріп, кәсіби біліктіліктерін шыңдай алады.

Симуляциялық орталық соңғы үлгідегі құрал- жабдықтармен қамтылған. Оқытуға арналған құрылғылар автоматты түрде жұмыс істейдi. Әрi практикалық тұрғыда жедел көмек көрсететiн маманның ic-әрекетiн бағалап, бағыт-бағдар бередi.

Орталықта жедел жәрдем қызметкерлері алғашқы медициналық және адам өміріне қауіп төнген жағдайларда шұғыл көмек көрсету бойынша кәсіби біліктіліктерін артырады.

Орталықта оқыту-үйрету жұмыстарына жауаптылар 2022 жылғы 12 мамыр мен 5 маусым аралығында АҚШ-тың кардиологиялық қауымдастығында тәжірибе жинақтап келген. Айта кетейiк, бүгінде халықаралық стандарттар бойынша шұғыл көмек көрсету әдістерiн жетiк меңгерген 3 нұсқаушы жергілікті мамандарға практикалық дәрістер өткізуге дайын.

Ол үшін көп функциялы оқу манекені мен автоматты сыртқы дефибриллятор сынды 50 түрлі оқыту құрылғылары бар. Оқытуға арналған жабдықтар автоматты түрде жұмыс істейді. Яғни, практикалық тұрғыда жедел көмек көрсету барысындағы маманның дұрыс әрі бұрыс әрекетін құрылғы арнайы түстер арқылы бағалап, бағыт-бағдар беріп отырады. Жаңадан ашылған станциясына төрт орындық санитарлық көлік берілді. Заманауи жабдықталған автомабильде өкпені жасанды желдету аппараты, дефибриллятор және кардиостимулятор, реанимация сөмкесі, күйікке қарсы құрылғылар сынды жедел көмек көрсетуге арналған құрал-жабдықтардың барлығы бар.

Айта кетейік, қаладағы жедел жәрдем станциясы жанынан ашылған симуляциялық орталық еліміздегі жоғары технологиялық құрылғылармен жабдықталған жалғыз орталық.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*