Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ӨНДІРІС ОРНЫ АШЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ӨНДІРІС ОРНЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласының «Тассай» индустриялық аймағында қала күні мерекесі қарсаңында қорғаныс киімдері мен медициналық мақсаттағы бұйымдар шығаратын «Экофарм» өндіріс орны ашылды. Үшінші мегаполис елімізде екі жыл қатарынан инвестиция өсімі бойынша көш бастап тұр, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Жаңа мекеменің салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысты. Ол өз сөзінде Шымкенттің республикалық маңызы бар қала статусын алған 4 жыл мерзімінде қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы артып, инвестиция тарту бойынша республикадағы үздік қалалар қатарында екендігін айтып өтті.

— Бүгінгі таңда «Тассай» индустриалдық аймағында жалпы инвестициялық сомасы шамасымен 45 млрд. теңге құрайтын 37 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі жоба қаланың экономикалық өркендеуі мен медициналық бұйым өндірісі саласында жаңа жұмыс орындарының ашылуына үлкен серпін береді деген сенімдемін. Баршаңызды қала күнімен құттықтай отыра, жобаның арықарай өсіп өркендеуіне тілек білдіремін, — деді.

Ол Шымкент қаласының дәрі-дәрмек пен медицина бұйымдарын шығаратын орталық болып қалыптасып келе жатқанын айтты.

Ал Mega Smart жиһаз фабрикасына қала әкімінің бірінші орынбасары 750 млн.теңге инвестиция тартылғанын хабарлады.

3,4 млрд. теңгені құрайтын инвестициялық жоба «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Тассай» индустриалды аймағынан 1,25 гектар жер телімін ұзақ мерзімге жалға алып, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында «Даму» қоры арқылы субсидияланған.

Жаңадан ашылған бұл өндірісте 150 адам жұмыспен қамтылды. Заманауи технологиялармен жабдықталған мекеменің жылына 600 мың дана қорғаныш киімінің 17 түрін, 500 мың дана медициналық киім, 20 миллион дана медициналық маска мен респиратор, 1 миллион дана медициналық көзілдірік шығаруға мүмкіндігі бар.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*