Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ҚАЛА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА МӘДЕНИ ІС-ШАРА ӨТТІ

ҚАЛА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА МӘДЕНИ ІС-ШАРА ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласына қарасты Әл-Фараби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Орталық саябақта Шымкент қаласының туған күніне арналған концерттік іс-шара өтті, деп хабарлайды jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталығына сілтеме жасап.

Мерекеде Әл-Фараби ауданы әкімі Рашид Мамытұлы Мыңбаев қала қонақтары мен тұрғындарын ізгі тілегімен құттықтап, ауданға еңбегі сіңген азаматтар мен белсенді үй басқарушыларына алғыс хат табыстады.

Концертте жергілікті танымал әншілер өнер көрсетті. Сондай-ақ, көрермендер қазақша күрес, арқан тарту, кір тасын көтеру (24-32 келі), қол күрес сынды ұлттық спорт түрлерінен бақ сынап, жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар, Әл-Фараби ауданында қала күні мерекесіне орай  Ахмет Байтұрсынов көшесі №88-90, №92, №4 және Рашидов көшесі №25Б, 25В  көпқабатты тұрғын үй аулалары толық абаттандырылып, тұрғындардың игілігіне берілді. Қазір жтырма сегіз аулада абаттандыру жұмысы қарқын алған.

«Халық қатысатын бюджет» жобасымен тұрғындар өтініштері негізінде, Әл-Фараби ауданы аумағында ағымдағы жылға елу көп қабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жоспарланып отыр. Сондай-ақ, отыз көшеге асфальт салынады. Оған қоса, 9 жаңадан ашық спорт алаңшаларын орнату мен 9 алаңшаға жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 19 маусымында Мемлекет басшысы Шымкент қаласына республикалық дәреже беру туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Содан бері 19 маусым Шымкентте Қала күні ретінде аталып өтіледі. Яғни бұл күн Шымкент қаласының мерейлі мерекесі. Биыл мегаполистің туған күнін 4-ші жыл тойлап отырмыз. Бүгінде Шымкент ақылды, жасыл әрі қауіпсіз қалаға айналып келеді. Мектептер, кәсіпкерлік нысандар мен балабақшалардың саны күн санап өсуде. Шаһарымыздың гүлденуіне әрбіріміз үлес қосайық!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*