Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «ҚАЗАҚ АНАЛАРЫ — ДӘСТҮРГЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ҰСЫНЫЛДЫ

«ҚАЗАҚ АНАЛАРЫ — ДӘСТҮРГЕ ЖОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Қала күніне орай «Қазақ аналары — дәстүрге жол» республикалық жобасының мерекелік іс-шарасы өтті. Ұлттық салт-дәстүрлерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен жобаның мерекелік концерттік бағдарламасы Абай ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің орынбасары Е.Заңқоев мұндай жаңа бастамалардың жастарға берері мол екенін, тағылымды жобаларды қолдауға әркез дайын екенін жеткізді.

Республикалық жобаның Шымкент қаласы бойынша филиалы биыл

наурыз айында құрылған болатын. Жобаның негізін қалаушы Айнұр Жүгінісова көпшілікті қала күнімен құттықтап, авторлық әндерін тарту етті.

Іс-шарада ұмыт қалған салт-дәстүрлерімізден көрініс көрсетіліп, келіннің бетін ашу, тұсаукесер және тағы басқа дәстүрлеріміз дәріптелді.

«Қазақ қыздары» ұлттық киімдерінен дефиле және балалар киімдерінің үлгісі көрсетілді.

Сондай-ақ, жиынға жиылған халыққа қолөнер шеберлері ұлттық киім,әжекей-бұйымдардан көрме ұйымдастырып,қол жетімді бағада саудалады. Ыстық ықыласты жұртшылық шарадан соң, шат-шадыман күйде тарқасты.

Айта кетейік, респубикалық жобаның  Шымкент қаласы  бойынша филиалы биыл наурыз айында құрылды. Қазіргі таңда түрлі іс-шараларда белсенді қатысып, бой көрсетіп жүрген бірлестік мүшелері ұмыт қалған ұлттық құндылықтарды ұлықтауда атқарып жатқан істері орасан.

Былтыр Астана күні мерекесінің қарсаңында «Қазақ аналары — дәстүрге жол» республикалық  жобасының тұсауы кесілген болатын. Осы айтуылы күнге орай, ағымдағы жылдың  9 шілдесінде Нұр-Сұлтанда аталмыш бірлестік мүшелері  «Абысын-Ажын» атты байқау ұйымдастырғалы жатыр. Оған еліміздің 17 аймағынан аталмыш  жобаның  мүшелері қатыса алады. Жоба жетекшісі Айнұр Жүгінісова болашаққа қойған арман-мақсатымен бөлісті. Ол алдағы уақытта «Қазақ  аналары –дәстүрге жол» атты шағын кітапшалар шығаруды ойға алған.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*