Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ШЫМКЕНТ: ТАПСЫРМАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ АУДАН БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН ПЫСЫҚТАЛДЫ

ШЫМКЕНТ: ТАПСЫРМАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ АУДАН БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН ПЫСЫҚТАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Еңбекші аудандағы Қоғамдық бақылау кеңесінің мүшелерімен және аудан тұрғындарымен кездесуінде 48 мәселені өзекті деп танып, хаттамалық тапсырмалар берген болатын.

Тапсырманың орындалу барысын Мұрат Әйтенов бүгін аудан тұрғындарымен өткен кездесуде жеке-жеке талқыланып, пысықтады.

Аталған 48 тапсырманың 15-і орындалып, 10-ы тұрақты бақылауға алынған. Бұл жұмыстар 2023 жылға өтпелі. Ал 23 мәселе бойынша берілген тапсырмалар жыл соңына дейін толығымен орындалады.

Шешімін тапқан мәселелердің бірқатарына тоқталсақ:

-Базарқақпа тұрғын алабында 2 шақырымдық жол орташа жөнделді.

-«Қаратөбе» аумағының 12 мың тұрғыны Шаңырақ шағын ауданында жаңадан бой көтерген «Дария Медикус» емханасына тіркелді.

-Базарқақпа, Абдуллабад және Тұрдыабад елдімекендердегі 3000 үйге 16 млн м3 лимит бекітіліп, осы лимит шегінде ағын сумен қамту жұмысы ұйымдастырылды.

-«Сүзік ата» мазаратына баратын жолға тас төселді.

-Тоғыста 2 трансформатор қоршалып, 7 электр бағанасы «Оңтүстік Жарық Транзит» жауапкершілігі шекеулі серіктестігі тарапынан ауыстырылды.

-Маятас тұрғын алабының Мұнайбарлаушылар көшесіндегі ойын алаңшасына 6 электр бағанасы орнатылды.

-Маятас, Елтай, Жыланбұзған, Айнатас тұрғын алаптарына жалпы 20 жол белгісі мен аялдама павильондары орнатылды.

-Елтай мен Тоғыс елді мекеніне 4G технологиясымен базалық станция орнатылды.

-«Қазығұрт» аумағындағы Елтай, Айнатас, Тоғыс, Жыланбұзған, Маятас тұрғын алабына аумақтың төлқұжаты көрсетілген стендтер ілінді.

Мұрат Дүйсенбекұлы Еңбекші ауданының белсенді тұрғындарымен кездесуде қала аумағына енген елдімекендердің инфрақұрылымдық жағдайын жақсартуды күн тәртібінен түспейтінін, яғни, алдағы уақытта да кезектегі 23 мәселенің орындалуын тұрақты бақылап, нәтиже беруін қадағалайтын болады.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*