Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫНДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫНДА МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

2022 жылғы 23 маусымда Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он алтыншы сессиясы өтіп, сессия жұмысында 7 маңызды мәселе қаралды. Жетінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс он алтыншы сессиясының жұмысына облыс әкімінің міндетін атқарушы Арман Жетпісбай, облыс әкімдігінің мүшелері, басқарма басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессия жұмысын облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев жүргізді.
Сессияда облыс әкімдігінің және тексеру комиссиясының 2021 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептері тыңдалды. Аталған мәселе бойынша облыстық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы А.Тасыбаев және облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Қ.Сапарбеков баяндама жасады. А.Тасыбаев өз баяндамасында 2021 жылы облыстық бюджеттің кірістері 100,1%-ға орындалғанын жеткізді. Сонымен қатар, аталған мәселе бойынша тұрақты комиссиялардың қорытындысымен облыстық мәслихаттың аграрлық сала, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Нұралы Әбішов таныстырып өтті. Сондай-ақ кадрлық өзгерістерге байланысты Түркістан облысы әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізілді.
Жалпы сессия жұмысында мәслихат депутаттары 7 мәселені қарап, тиісті шешімдер қабылдады. Өз кезегінде облыс әкімінің міндетін атқарушы Арман Жетпісбай сессия жұмысын қорытындылай отырып, мәслихат жұмысына табыстар тіледі.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*