Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Түркістан: бизнес субъектісінің құқықтары қалпына келтірілді

Түркістан: бизнес субъектісінің құқықтары қалпына келтірілді

Прокуратураның араласуынан кейін бизнес субъектісінің құқықтары қалпына келтірілді, деп хабарлайды облыс прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «jetpisbai.kz» ақпараттық агенттігі.

Мемлекет басшысы өз жолдауларында бизнесті қорғаудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтіп, прокуратура органдарына ерекше рөл бөлген болатын.

Осыған орай, прокуратура органдарымен бизнес субъектілерінің әрбір өтініші ерекше бақылауға алынуда.

Осылайша, 2021 жылдың сәуір айында Керейбаева Сарыағаш ауданының полиция бөлімі азаматтар Койайдарова мен Алиеваға қатысты шаралар қабылдамағаны және қылмыстық істі созбалаңдыққа салғаны туралы облыс прокуратурасына шағымданған.

Өтініш берушінің уәждерін зерделеу барысында облыс прокуратурасы аталған қылмыстық істі сұратқан.

Қылмыстық істі зерделеу нәтижесімен қылмыстық қудалау органымен Керейбаеваның уәждеріне объективті баға бермей, Койайдарова мен Алиеваның әрекеттерін қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша негізсіз саралағаны анықталды.

Өз кезегінде, аталған тұлғалардың іс-әрекеттерінде сот жарамсыз деп таныған құқық белгілейтін құжаттарды қолдан жасау арқылы бизнесті рейдерлік басып алудың айқын белгілері байқалған.

Осыған байланысты, қылмыстық іс тергеу реттілігімен Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің өндірісіне берілді.

Сонымен қатар, облыс прокуратурасы Койайдарова мен Алиеваның әрекеттерін қылмыстық кодекстің 249-бабының 2-бөлігіне саралау туралы нұсқау берді.

Тергеп-тексеру нәтижесі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданып, 2022 жылы Койайдарова мен Алиеваға қатысты айыптау үкімі шығарылды, ал Керейбаеваның бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Осылайша, облыс прокуратурасы бизнес субъекттісін рейдерлік басып алу фактісінің жолын кесті.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*