Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Бизнес субъектілерінің құқықтары қорғалды

Бизнес субъектілерінің құқықтары қорғалды

Түркістан облысы прокурорының төрағалығымен қылмыстық қудалау саласында бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау туралы алқа отырысы өтті, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «jetpisbai.kz» ақпараттық агенттігі.

Түркістан облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, прокуратура органдары бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізеді, себебі бұл ведомство жұмысындағы басым бағыттардың бірі.Алқа жұмысына облыстағы уәкілетті және құқыққорғау органдарының бірінші басшылары қатысты.

Алқада бизнес субъектілеріне қатысты істерді тергеу кезіндегі проблемалық мәселелер, мемлекеттік органдар жол берген заң бұзушылықтар, бизнесті қорғау бойынша жұмысты ұйымдастырудағы кемшіліктер талқыланды.

Түркістан облысының прокуратурасы бизнес субъектілеріне қатысты барлық қылмыстық істерге тексеріс жүргізіп, онымен бірқатар өрескел заң бұзушылықтар анықталды.

Нәтижесінде, прокурорлық ықпал ету шараларымен заңсыз басталған барлық сотқа дейінгі тергеулер тоқтатылды, кінәлі қызметкерлер жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар қылмыстық қудалау органдарының жекелеген қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеулер басталды.

Осылайша, қылмыстық қудалаудың шеңберіне негіссіз тартылған  бизнес субъектілерінің конституциялық құқықтары қорғалды.

Отырыс нәтижесі бойынша бизнесті қылмыстық процесс шеңберіне заңсыз тартуды барынша азайтуға бағытталған шараларды жандандыру туралы нұсқаулар берілді.

Іс-шараға қатысушылар Мемлекет басшысының тапсырмаларын және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес алған осы бағыттағы жұмысты жалғастыру керек деген ортақ пікірге келді.

Осыған орай бизнес субъектілеріне, заңнамаларды көзделген құқықтар мен бостандықтары бұзылған жағдайда прокуратура органдарына жүгіну қажеттігі түсіндіріледі.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*