Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮРКІСТАН: ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ ДЕРБЕС МӘЛІМЕТТЕРІН АНЫҚТАУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

ТҮРКІСТАН: ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ ДЕРБЕС МӘЛІМЕТТЕРІН АНЫҚТАУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 136 және 137 баптарына сәйкес салық төлеушілерді бағалау және тәуекел дәрежелері бойынша оларды санаттарға бөлу арқылы тәуекел дәрежесін анықтау қарастырылған. Яғни, салық төлеушінің дербес мәліметтерін зерделеу нәтижесінде тәуекелдерді басқару жүйесі ақпараттық бағдарламасымен автоматтандырылған олардың тәуекел дәрежесі «жоғары», «орташа» және «төмен» деп бөлінеді.
Бұл туралы бүгінгі брифингте Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Талдау және тәуекелдер басқармасының басшысы Сәуле Шырынбекова мәлімдеді.
«Тәуекел дәрежесенің өлшемшарттарына бір жұмыскердің орташа жалақысы, шығыстар мен кірістер сомасы, салықтық жүктемесі жатады. Тәуекелдерді басқару жүйесі түрлі ақпараттық жүйелерден мәліметтерді жинақтап, талдау жүргізу нәтижесінде электронды шот фактура жазу бойынша салық есептілігіндегі сәйкессіздіктер мен қателіктерді автоматты түрде анықтау мүмкіндігіне дейін жетілдірілген»-деді Сәуле Әбдіәшімқызы.
Автоматтандырылған тәуекел бейіндері – декларацияланған тауарға қатысты іске қосылады. Импорт, экспорт, транзит кедендік рәсімі бойынша ресімделген декларациядағы күдік туғызған немесе сәйкес келмеудің белгісі бар бағандарына байланысты, декларацияға қатысты жүргізілетін бақылау түрін анықтайды. Ал, автоматтандырылмаған тәуекел бейіндері – жаяу жүргіншілердің қол жүктеріне, жеңіл автокөлік құралдарына және олардағы жүктерге, арнайы автокөлік құралдары мен тәуекел бейініне енгізілген белгілі бір азаматтар мен тауар түрлеріне т.б. қатысты бақылау жүргізілетін тәуекел бейінінің түрі.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*