Құрылысты заң талаптарына сәйкес жүргізу барлық азаматтардың қауіпсіздік кепілі.
Бүгінгі таңда құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарын бұза отырып салынған құрылыс нысандары бойынша Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының талап арыздары қанағаттандырылып, 13 нысан бойынша сот шешімі шыққан. Қазіргі күні 5 құрылыс нысаны сот шешімімен бұзылды, 8-і мәжбүрлеп бұзылатын болады. Ол нысандар бойынша Шымкент қаласының Әділет департаментінің сот орындаушылар бөлімімен бірлесіп жұмыстар жүргізілуде. Осы орайда, қала тұрғындарын құрылыс бастар алдында келесі талаптарды сақтауға шақырамыз:
Тапсырыс беруші құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптарды орындауы қажет:
— объект құрылысын жүзеге асыруға ниетi бар тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес ayдандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарынан жерге тиісті құқық беру туралы шешімді алу.
— құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу (Сәулет-жоспарлау тапсырмасы).
— эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісу
— жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізу.
— мердігермен, техникалық және авторлық қадағалаушылармен келісім-шарт жасау.
— мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау.
*Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 68 бабының 12 тармағы және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 46 бабы талаптарына сәйкес, тапсырысшы құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаны мемлекеттік ақпараттық жүйесі elicense.kz порталы арқылы хабарланады.
Қала тұрғындарының назарына! Елімізде объектілердің құрылысы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңымен реттеледі. Заңсыз құрылысқа жол бермеуге шақырамыз.