Түркістандық полицейлер сыбайлас-жемқорлықтың алдын алу мақсатында жиналыс өткізді, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Сыбайлас жемқорлық — заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Ал бұның алдын алу үшін заң аясында маңызды жұмыстар атқарылып, түрлі шаралар қолға алынуда. Бұл тұрғыда полиция қызметкерлері де белсенділік танытуда.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңының талаптарын сапалы орындау, сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізудегі практикалық нәтижелердің ең негізгі бағыттары болып табылады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңының 6-бап 1 тармағына сәйкес, өз құзыреті шегінде әрбір мемлекеттік ұйымдар мен әкімшілік мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге міндетті.
Осы орайда, Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында маңызды жиналыс өтті. Бұл жиынға басшы құрам мен жеке құрам түгел қатысты. Онда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2023 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде сыбайлас жемқорлықты дер кезінде анықтауға және жұмыстан шығаруға мүмкіндік беретін адалдықты тексеру аясында сөз қозғалды.
Сонымен қатар мақтааралдық полицейлер «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің дінтанушы теолог ғалымдары мен имамдарының қатысуымен рухани тәрбиелік маңызы зор шаралар жиі өткізеді. Пара берушімен күрес, полицияның оң имиджін қалыптастырудың бірден-бір негізі. Осы мәселе аясында тәртіп сақшылары тұрғындарды аралап, түсіндірме жұмыстарын жиі жүргізіп, арнайы жедел кеңесте үнемі талқыланып отырады.