Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Жергілікті тұрғын өзен бойынан 4 дана жарылғыш зат тауып алды

Жергілікті тұрғын өзен бойынан 4 дана жарылғыш зат тауып алды

Түркістан облысында тұрғын өзен бойынан 4 дана жарылғыш зат тауып алған, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, 2022 жылғы 25 сәуірден бастап Түркістан облысы аумағында тұрғындарға заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өткізілуде. Оған қоса заңсыз қарумен айналысатын адамдар мен қылмыстық топтарды ұстауға, қару иелерінің оны сақтаудағы ережелерді дұрыс атқаруына тексеру жүргізілуде. Аталған акция аясында өткізілген қару-жарақтар үшін тұрғындарға сыйақы беріледі. Шараны өткізу үшін, Түркістан облысына Үкімет тарапынан 14 миллионнан астам теңге бөлінген.

Аталған акцияның 19 тәулігінде облыс көлемінде 112 азаматтан 167 дана отты атыс қару алынды. Оның ішінде 23 ойық ұңғылы, 137 дана тегіс ұңғылы қару, 7 шолақ қару және 4 дана граната алынды. Мәселен, осы шараның республика көлемінде өтіп жатқанынан хабардар болған Келес ауданының тумасы 4 дана РГД-5 жарылғыш затын полиция бөліміне ерікті түрде тапсырып, өзіне сыйақы берілуін сұраған. Полицейлердің сұрастыру жұмыстары нәтижесінде ол жарылғыш затты балық аулау кезінде, өзен бойындағы ағаш арасында оралып жатқанында тауып алған. Осы уақытқа дейін қайда өткізерін білмеген тұрғын, акцияны естіген бойда полиция бөліміне жеткізген.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау мен тасымалдау үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары заңсыз сақталған қаруды немесе оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатындығын еске салады.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*