Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Полицейлер ауласына көкнәр еккен егде жастағы әйелді ұстады

Полицейлер ауласына көкнәр еккен егде жастағы әйелді ұстады

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов, Келес ауданының тұрғындары тарапынан келіп түскен ұсыныс-пікір, сауалдарына назар аударды. Осы себепті облыстың бас полицейі Келес ауданында қоғамдық тәртіпті сақтап, қылмыстардың алдын алу мақсатында тыңғылықты тексеру жұмыстарын жүргізу үшін ПД-нің тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел топ құрды. Аталған полицейлер шұғыл Келес ауданына іссапармен шықты. Полицейлер жан-жақты тексеру жүргізді. Нәтижесінде Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы аясында «көкнәр» есірткісін жойды.

Нақтырақ айтсақ, полицейлер Келес ауданында жергілікті тұрғынның бірі өз үйінде құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысатынын анықтады. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 300-бабымен «Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» СДТБТ-ға тіркеді.

Осылайша тәртіп сақшылары жинақталған ақпарат көздеріне сүйене отырып, күдікті ретінде анықталған тұрғынның үйіне тінту жұмыстарын жүргізді. Жедел уәкілдер егде жастағы әйелдің ауласын тінту кезінде, өсіп тұрған қырыққабаттың жанына егілген, күтіп-бапталған есірткіге ұқсас өсімдікті тапты. Тәртіп сақшылары, айғақты зат ретінде күдіктіден 900-ге жуық түп өсімдікті тәркілеп, оларды сараптамаға жіберді.

Сараптама қорытындысымен алынған түптердің 7-еуі «көкнәр», ал қалғандары көкнәр өсімдігінің өскіндері болып шықты. Жергілікті тұрғынға қатысты заңсыз есірткі егіп-өсіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері заңсыз, құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді еккені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Егер, сіз де, осындай қылмыстар туралы қандай да бір ақпарат болса, бірден полицияға хабарласыңыз.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*