Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай полицейлер арасында байқау өткізілді

Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай полицейлер арасында байқау өткізілді

«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының құрылуына 30 жыл» толуына орай, Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен өнерлі полицейлер арасында байқау ұйымдастырылды. Мәдени-шығармашылық әлеуетті сақтау, қөркемөнерпаздықты дамыту және жеке құрамның бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мақсатында өткізілген байқауға әрбір аудандық, қалалық полиция бөлім, басқармалардың ән айтуға құмартатын тәртіп сақшылары қатысты.

Ал полицейлерге ТО Ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев, профессор журналист, композитор Бекжігіт Сердәлі, «Түркістан» телеарнасының шеф-редакторы Гүлжазира Матенова, полиция полковнигі Мақсат Асқаров, баспасөз хатшысы Гүлнәр Абдужаппарова төрағалық етті. Полицейлер әуелетіп шырқаған патриоттық әндер әділ-қазылар мен көрерменнің көңілінен шықты.

Қоғамдық тәртіп пен ел тыныштығын сақтауда аянбай еңбек етіп, темірдей тәртіппен жүретін полицейлердің қолына микрофон алғаны көбісін таңғалдырды. Яғни өнер сайысына қатысушылардың жан-жақты дайындығы байқалды. Олар өздерінің әрбір қойылымында сегіз қырлы бір сырлы екендіктерін, отансүйгіш пен тілді құрметтейтіндігін көрсете алды.

Жалпы Түркістан қаласы «Ақжайық» музыкалық мектебінде өткізілген көркемөнерпаздар байқауының негізгі мақсаты — жас және талантты полицейлерді таныту, полицияның оң имиджін қалыптастыру, сонымен қатар, ең маңыздысы мемлекеттік тіліміз «қазақ тілінің» мәртебесін нығайту болып табылады. Байқау соңында әрбір тәртіп сақшысының байқауға белсене қатысқан еңбегі еленіп, марапаттау рәсімі өткізілді.

Жеңімпаздарға Түркістан облысы ПД-нің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің «Алғыс хаты» мен бағалы сыйлықтары табысталды. Атап айтсақ, І-орынды Кентау қалалық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторының полицейі полиция аға сержанты София Шегебаева, ІІ-орынды Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция майоры Ақтолқын Кубегенова, ІІІ-орынды Түлкібас АПБ Патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Медетхан Қадыр иеленіп, аталған үш жеңімпаз республикалық байқауға жолдама алды.

Сонымен қатар жеке орындау бойынша төлебилік тергеуші полиция аға лейтенанты Мұхит Сүлейменов, дуэт орындаудан қазығұрттық учаскелік полиция инспекторлары полиция капитаны Перизат Иманова мен полиция лейтенанты Икран Нұрхан, квартет орындаудан Жетісай АПБ-ның полицейлері ерекше көзге түсті.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*