Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Полицейлер құнды әшекей ұрысын ұстады

Полицейлер құнды әшекей ұрысын ұстады

Түркістан облысында құнды әшекейлерді ұрлап, ломбардқа өткізген күдікті ұсталды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Қазығұрт ауылдық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, ұрлыққа тап болғанын баяндады. Мәселе барысы күдіктінің жәбірленушінің тұрғын үйіне терезесі арқылы кіруінен бастау алған. Осылайша, ұры үй иесінің құнды әшекей бұйымдарын, қаражатын жымқырған. Жалпы жәбірленушіге 180 000 теңге шығын келген.

Барлық ақпаратпен қаныққан полицейлер дереу іске көшті. Аталған жайт Қазақстан Республикасы  Қылмыстық Кодексінің 188 бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды. Қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары оқиға орнын тергеп-тексерді, куәгерлерден сұрастырды. Алайда, қылмыскерді табу оңай іс емес.

Десек те, полицейлер күдіктіні іздеу жұмыстарын тоқтатпады. Нәтижесінде қылмыскер араға 2 жыл салып ұсталды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Анықталғандай, күдікті қолды қылған заттарды ломбардқа өткізіп жіберген. Қазіргі таңда, қылмыскер қамауға алынды.

Біреудің мал мүлкін рұқсатсыз алып, жөн-жосықсыз қолды етіп пайдалану заңға қайшы әрекет. Қылмыстың өтеуі жаза екендігі қаперден шықпауы тиіс. Зиянды әрекет өзге түгіл, өз басыңа нұқсан келтіріп, құлдыратады. Сондықтан ар-ожданды бәрінен биік қою құба-құп.

Тыныштық жайлаған заманда мұндай оқиғалардың орын алмауына күш біріктірілу қажет. Негізгі күш тәртіп сақшыларының қызмет бабында жүзеге асырылып жатыр. Себебі, қылмыстың алдын алу, күдіктіні анықтау олардың міндеті және күні тәртібінен түскен емес.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өз мүлкін сақтауда қырағы болуға,тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдауға кеңес береді. Сондай-ақ мүмкіндігінше тұрғын үйлерге бейнебақылау камералары мен күзет дабылы, сондай-ақ терезелерге темір тор орнатылуы қажет. Егер де, сіз,  ұрлық немесе тонау қылмысының құрбаны, куәсі болсаңыз, бірден полицияға хабарласыңыз.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*