Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » 3 миллион теңгенің жылқыларын ұрлаған екеу сотталды

3 миллион теңгенің жылқыларын ұрлаған екеу сотталды

Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері мал ұрлығына тосқауыл қою, үй жануарларының қатысуымен болатын жол-көлік апаттарын болдырмау мәселесін күн тәртібінен түсірген емес. Сонымен қатар «ҚР ІІМ-нің ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасының өңірде іске асырылу бақылауға алынған. Статистикалық мәліметке сүйенсек, жыл басынан бері облыста 72 мал ұрлығы тіркеліп, қылмыстың тіркелуі 44,6 пайызға төмендеген. Ал 72 мал ұрлығының 27-сі қора-жайдан болса, 45 дерегі жайылымнан ұрланған. Бұдан көретініміз, көбіне мал ұрлығы тұрғындардың малдарын жайылымға қараусыз жіберуі салдарынан орын алатыны.

Осындай қылмыстың бірі Мақтаарал ауданында 2022 жылдың ақпан айында тіркеліп, полицейлердің жедел әрекет етуі нәтижесінде күдікті екеу ұсталып, оларға қатысты сот үкімі шықты. Аталған мал ұрлығы жайлы тарқатып айтар болсақ: Мақтаарал АПБ-ға жергілікті екі тұрғын арызданып, мал жайылымда жүрген 3 бас жылқы мен 1 құлынын белгісіз біреулер 2 ай алдын ұрлап кеткенін жеткізді. Алғашында өздіктерімен іздегенімен, соңы нәтижесіз болады. Содан екі тұрғын полицейлердің көмегіне жүгініп, мал ұрыларын ұстауға көмектесулерін сұрайды. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның көлемі 3 миллион теңгеден асты. Бұл жайтты полицейлер тез арада тіркеуге алды. Жедел-тергеу тобы ақпарат алысымен қажетті шараларды жүргізді.

Орын алған мал ұрлығы қылмыстарын ашу, күдіктілерді ұстау мақсатында қарқынды қызмет атқарды. Мал таситын көліктерді, мал базарларды мұқият тексеріп шықты. Полиция қызметкерлерінің жан-жақты іздестіруі нәтижесінде, ұрланған жылқының бірі мал базарда сатылып тұрға жерінен анықталды. Сатушыдан жауап алу барысында, оны біраз уақыт алдын басқа біреуден сатып алғаны белгілі болды. Сатушының жауабымен күдіктілердің жеке басы анықталды. Ата-бабамыз «жау алыстан келмейді» дегендей, күдіктілер ауылдағы адамдар мен олардың малдарының жай-күйін білетін жергілікті тұрғындар болып шықты. Осылайша күдікті ретінде 2 ер адам ұсталып, Мақтаарал АПБ-ға жеткізілді. Ұсталған ауылдас екеу, ақша қажет болғандықтан ұрлыққа барғанын мойындады. Белгілі болғандай күдікті екі ер адам, мал жайылымға келіп, жылқыларға жем беріп, сол сәтте мойындарына арқан салған. Содан жүк көлігін жалдап, оны Сайрам ауданындағы мал базарлардың біріне апарып, арзан бағаға сатып жіберген.

Мақтааралдық тергеушімен күдіктілердің жоғарыда айтылған 2 ұрлық қылмысына да қатысы бар екендігі толық дәлелденді. Тергеу әрекеттері ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша жүргізілді. Күдіктілердің кінәсін дәлелдеу үшін қажетті айғақтар жинақталды. Қылмыстық іс толығымен аяқталып, айыптау актісімен сотқа жолданды. Нәтижесінде Мақтарал аудандық сотының үкімімен күдіктілердің бұрын сотты болмағаны, жәбірленушілерге келген шығынды өтеп, кешірім алуы, отбасының асыраушысы екендіктері ескеріле отырып, 50 жастағы күдікті 1 жылға, ал екінші 30 жасар жас жігіт 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*