Түркістан облысы Мақтааралдың полиция бөлімінің қызметкерлері азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау мақсатында ағымдағы жылдың 4 айында жалпы нөлдік төзімділік қағидаты бойынша 1122 құқықбұзушылықты анықтаған, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.
Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» — 49, 132-бабымен «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру» — 3 құқықбұзушылық, 423-бабымен «Он сегіз жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын сату және олардың сатуы» — 2, 200-бабымен «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» — 1 құқықбұзушылық тіркелген. Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 204-бабымен «Белгіленбеген орындарда сауда жасау» — 13, 408-бабымен «Ауылшаруашылы жануарларын жаю қағидаларын бұзуы» — 374 құқықбұзушылық, 434-бабымен «Ұсақ бұзақылық» — 303, 437-бабымен «Тыныштықты бұзу» — 8 құқықбұзушылық, 440-бабымен «Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» — 119 құқықбұзушылық, 441-бабымен «Жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды бұзу» — 4, 442-бабымен «Кәмелетке тлмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы» -3, 442-бабы 2-бөлігімен «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуы» — 188 құқықбұзушылық тіркелген. Сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабымен «Қоғамдық орындарда тиісу» — 53 құқықбұзушылық анықталып, әкімшілік шара көрілген.
Мәселен, Мақтаарал аудандық полиция қызметкерлері қоғамдық орында адамның қадыр-қасиетіне нұқсан келтіретіндей мас халде жүрген 119 тұлғаны анықтап, олардың әр қайсысына 5 айлық есептік көрсеткіш, яғни 15315 (он бес мың үш жүз он бес) теңгеден айыппұл салған.