Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Алаяқтық жасаған күдікті 7 жылға сотталды

Алаяқтық жасаған күдікті 7 жылға сотталды

Түркістан облысы Сайрам аудандық полиция бөлімінің тергеушісі полиция аға лейтенанты Ж.Дарханның кәсіби шеберлігі арқасында жәбірленушілерге ірі көлемде шығын келтіріп, алаяқтық жасаған күдікті жас жігіттің кінәсі дәлелденіп, соңында сотты болды. Тәртіп сақшысының тиянақты тірліктерінің нәтижесінде ашылған бұл алаяқтық қылмыстары туралы ашып айтсақ:

2021 жылдың наурыз айында Сайрам АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, ол 2020 жылы қазан айының 21-і күні Ақсукент-Қарамұрт бағытында таксиге отырған. Осы кезде жүргізуші оның Өзбекстан Республикасындағы балалар үйінде тәрбиеленіп жүрген немересін заңды түрде ҚР-на алып келе алатынын айтып сендірген. Осылайша такси жүргізушісінің сөзіне сенген әйел, қайтыс болған қызының 2007 жылғы ұлын өзіне алу үшін 600 000 теңгеден астам ақша берген. Алайда арадан бірнеше айлар өтсе де, сайрамдық тұрғын немересімен қауышпаған. Содан алаяққа алданғанын білген әйел, бірден полицейлерге арызданған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді. Арадан 1 аптаға жуық уақыт өткенде полицияға тағы бір тұрғын осыған ұқсас жайт бойынша арызданып, алаяққа алданғанын жеткізген. Яғни бұл жолы жәбірленуші ер адамға танысы, жол-көлік апатынан қайтыс болған қызы мен күйеубаласының артында қалған екі немересін өз тегіне өткізіп беремін деп уәде берген. Яғни оған жаңа танысқан алаяқ, ісін бітіріп бере алатын Нұр-Сұлтан қаласында адамдары бар екенін айтып, сендірген. Осы қызметі үшін жәбірленушіден 4 миллион теңге алған.

Аса ірі мөлшердегі алаяқтық қылмысын ашуда жедел-тергеу тобы қажетті іс-шараларды жүзеге асырып, алаяқтық жасаған ер адамның жеке басын анықтады. Тексеру кезінде күдікті Төлеби аудандық сотымен 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеп жатқан 1989 жылғы ер адам екені белгілі болды. Яғни күдікті сотталмас бұрын жоғарыдағы аталған қылмыстарды жасап, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап жіберген.

Аталған істің басы-қасында жүріп, күдіктінің кінәсін нақты дәлелдермен сотқа жолдап, соңына жеткізген Сайрам АПБ-ның тергеушісі полиция аға лейтенанты Ж.Дархан: «Тергеу барысында біршама қиындықтар кездесті. Даулы оқиға болғандықтан, жалтару, мойындамау деген секілді жағдайлардың орын алатыны белгілі. Дегенмен қызмет барысында алынған тәжірибеміздің арқасында нақты дәлелдемелерді жинақтадық. Күдіктіге қатысты іс құжаттар айыптау актісімен сотқа жолданды. Ал Сайрам ауданының соты 33 жастағы күдікті жас жігітті ҚР ҚК-нің 190-бабымен кінәлі деп танып, 4 (төрт) жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ ҚР ҚК-нің 58-бабы 6-бөлігін қолданып, алдыңғы 2021 жылғы 22 қаңтардағы үкіммен тағайындалған жазаны осы үкіммен тағайындалған жазаға ішінара қосып, түпкілікті 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылды.

 

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*