Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Полицейлер тұрғын үйге ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады

Полицейлер тұрғын үйге ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады

Полицейлер тұрғын үйге ұрлыққа түсіп, бағалы заттарды қолды еткен күдіктіні ұстады, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Ордабасы ауданы полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша күндізгі сағат 12:00 шамасында өзінің тұрғын үйіндегі шкафтың ішінен алтын бұйымдар мен құны 285 000 теңге тұратын самсунг маркалы ноутбугын белгісіз біреудің ұрлап кеткендігін жазып көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 1 324 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Хабарлама келіп түскен бойда тәжірибелі тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетті. Полицейлер күдіктіні анықтауға арналған барлық шараларды жүзеге асырды. Олар жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Бейнебақылау камераларын тексерді. Нәтижесінде күдікті анықталып, оның Сайрам ауданының тұрғыны екені белгілі болды.

Күдікті үйде ешкімнің болмағандығын пайдаланып, арам ойын жүзеге асырған. Ұрлаған мүліктерді сатып, ақшасын бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Сонымен қатар күдікті азаматтың бұған дейін де бірнеше рет сотты болғандығы айқындалды. Ол Сайрам аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша кінәлі деп танылып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу туралы жазаға тартылған. Қазіргі таңда жауапкершілікке тартылғанына қарамастан қайта қылмысқа барған ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өз мүлкін сақтауда қырағы болуға,тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдауға кеңес береді. Сондай-ақ мүмкіндігінше тұрғын үйлерге бейнебақылау камералары мен күзет дабылы, сондай-ақ терезелерге темір тор орнатылуы қажет. Егер де, сіз,  ұрлық немесе тонау қылмысының құрбаны, куәсі болсаңыз, бірден полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*