Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

Су – адам үшін қауіпті апат. Тіпті тыныш ағып жатқан тынық судың өзі қауіпсіз сияқты көрінгенімен, оның да өзіндік қауіптілігі бар. Әдетте, жүзе алмайтын балалар белден жоғары келетін, судың терең жеріне бара бермейді. Сондықтан суда өзін жақсы жүзе аламын деп санайтын балалар қайғылы жағдайларға ұшырап жатады.

Осындай апатты жайттың алдын алу мақсатында Жетісай ауданының тәртіп сақшылары суға шомылу маусымының басталуына Қызылқұм, Ынтымақ, Талапты ауылдық округтері мен Ағынсай елді мекендерінің тұрғындары мен мектеп оқушылары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Оларға суға шомылуға қатысты қауіпсіздік ережелерін айтып, абай болуды ескертті.

Сонымен қатар, канал бойында тұратын ауыл тұрғындарына қарапайым қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, тыйым салынған орындарда шомылу, суға мас күйде түсу, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдыру жағдайларының кесірінен суға бату деректері орын алатынын толыққанды түсіндіріп өтті.

Жаз мезгілінде қала аумағындағы шомылатын өзен, су жағалауларында демалатын халықтың қарасы көбейеді. Төтенше жағдай қызметі мен полиция қызметкерлерінің судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертулеріне қарамастан, суға кету және жарақаттану жағдайлары жиі кездеседі. Суға батып кетудің негізгі себептері — қарапайым қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, тыйым салынған орындарда шомылу, суға мас күйінде түсу, сондай-ақ, балаларды қараусыз қалдыру жағдайларының кесірінен орын алады.

Негізінде көптеген жазатайым оқиғалар суға шомылуға тыйым салынған жерлерде орын алады. Сондықтан, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы кішкентай балалар шомылу кезінде үнемі үлкендердің қарауында болуы тиіс. Тек суға түсуге рұқсат етілген, қауіпсіздігі сақталған, су астындағы терең ой-шұқырлары жоқ, қатты су ағысы, иірімі немесе толқыны жоқ жерлерде шомылуы қажет.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*