Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Түркістанда «Есірткісіз болашақ» акциясы өтті

Түркістанда «Есірткісіз болашақ» акциясы өтті

Түркістан облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс әкімдігімен бірлесе отырып, «Есірткісіз болашақ» тақырыбында ауқымы кең акция ұйымдастырды. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Құрманбек Сахов пен жеке құрам, Түркістан облысының білім, ішкі саясат, ақпараттандыру өкілдері және жастар қатысты.
Облыс орталығында өткен іс-шараның негізгі мақсаты-халықаралық есірткіге қарсы акция өткізу, жас ұрпақты есірткі мен психотроптық заттарды қолданудың зияны туралы хабардар ету, салауатты өмір салтын насихаттау және рухани-адамгершілік құндылықтарды жаңғырту. Өскелең ұрпақты спортпен және туризммен белсенді айналысуға шақыру, сондай-ақ жастардың санасында есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру.
Аталған маңызы зор жиынды облыс әкімінің орынбасары С.Қалқаманов ашып, жастарға мықты денсаулық пен сәттілік тіледі. Сондай-ақ полиция полковнигі Қ.Сахов өз сөзінде: «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастар мәселелеріне көп көңіл бөледі. Соның ішінде біздің тарапымыздан есірткіге қарсы іс-шараларды үнемі өткізіп отырамыз. Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз. Болашақ-сіздердің қолдарыңызда! Сол себепті тек жақсылық әрекеттерге, жарқын болашаққа ұмтылайық!»-деп атап өтті.
Одан әрі акцияға қатысушылар таңертеңгілік жаттығулар өткізіп, салауатты өмір салтын және есірткіні қолданудың зияны туралы ұрандармен «Есірткісіз болашақ» атты флешмоб ұйымдастырды. Содан кейін спортшы-велосипедшілер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын орталық стадионға салтанатты түрде алып шықты. Мұнда іс-шара би ұжымдарының, каратэшілердің, боксшылардың, балуандардың және басқа да балалар спорт және көркемөнер ұжымдарының салауатты өмір салтына арналған қойылымдарымен жалғасты. Концерттік бағдарламамен облыс орталығының эстрада әншілері де өнер көрсетті.
Өз кезегінде, жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлері өздерінің шеберліктері мен жауынгерлік дағдыларын көрсетті, ал кинологиялық қызметтің кинологтары қызметтік-іздестіру иттерінің өнерін көрсетті. Сондай-ақ полицейлер жастарға есірткі заттарын қолданудың зияны және есірткіге байланысты қылмыстардың салдары туралы айтты.
Акция соңында Түркістан облысының полицейлері жас ұрпақты дене шынықтырумен тұрақты айналысуға шақырып, естелік суретке түсті.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*