Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Полиция қызметкерлері психиолиялық тренингке қатысты

Полиция қызметкерлері психиолиялық тренингке қатысты

Психолог мамандар Түркістан облысының полицейлері үшін тренинг өткізді, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Полиция қызметкерлерінің эмоционалды және кәсіби шаршауының алдын алу, олардың стресстік жағдайларда психологиялық дайындығы мен моральдық төзімділік деңгейін арттыру мақсатында, маңызды шара ұйымдастырылды. Түркістан облысы полиция департаментінің Кадр саясаты басқармасы мен Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың психолог-мамандары, Түркістан қалалық полиция басқармасының полицейлері үшін «Ішкі істер органдары қызметкерлерінің стресске төзімділігі және төтенше жағдайларға психологиялық дайындығы» тақырыбында психологиялық сабақтар өткізді.

Себебі, қызмет атқару барысында кездестіретін әр-түрлі оқиға басындағы адамның психологиясына тікелей әсер ететін сан түрлі негативті, жағымсыз ситуациялық жағдайлар болып тұратыны белгілі. Күнделікті басынан өткеретін осындай жағдайлар, полиция қызметкерінің психикасына әсер ететіні сөзсіз.
Оқу-жаттығу кезінде қару алу және жауынгерлік қарудан оқ атуға дайындық алдында тыныс алу жолдарын жақсарту мақсатында «тыныс алуды бақылау» психотехникалық жаттығулары өткізілді. Сондай-ақ полицейлер психологиялық орнықтылықты дамытуға бағытталған тренингтік жаттығулар да (жағдаяттық жағдайда өзін бағалау, күйзелістік жағдайды жеңу және т.б.) қатысты. Бұдан бөлек психологтар полиция қызметкерлерімен «менің өмірім» медитациясын «жалпы тыныс алу», «кедергілерді жеңу», «жіп курсы», «кір жуғыш машина», «Джунглидегі жаңбыр», «тығырықтан шығу» және т.б. жаттығуларға қатыстырып, ішкі көңіл-күйін бақылады.

Ал тәртіп сақшылары психологиялық тренингтерге белсенді қатысып, ерекше әсер алды. Тренинг соңында «Шеринг» жаттығуына қатысты. Кері байланыс ретінде қатысушылар тренингтен алған әсерлерімен бөлісіп, қызықты сабақтарды ұйымдастырғаны және өткізгені үшін психолог әріптестеріне алғыстарын білдірді.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*