Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Полицейлер жоғалған жасөспірімді тауып, отбасына қайтарды

Полицейлер жоғалған жасөспірімді тауып, отбасына қайтарды

Полицейлер жоғалған 13 жастағы жасөспірім қызды тауып, отбасына қайтарды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның кәмелет жасына толмаған қызы өзінің тұрғын үйінен таңғы сағат 08:00 шамасында мектепке кітап өткізуге кетіп, қайта оралмаған. Өзі іздеп таппаған соң, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Аталған жайтты естіген бойда полиция қызметкерлері жедел оқиға орнына жетті.

Тез арада іздестіру жұмыстарын жүргізіп, көрген-білгендерден жауап алды. Ақпарат көздері арқылы жасөспірімнің Шымкент бағытына белгісіз көлікке мініп кеткені анықталды. Ал тәртіп сақшылары жасөспірімнің дін-аман табылуы үшін іздестіруді Шымкент қаласында жалғастырды. Полицейлер екі күн бойы тыңғылықты жұмыс атқарып, нәтижесінде 13 жасар қызды Шымкент қаласында қыдырып жүрген жерінен тапты. Анықталғандай қыздың үйінен кетуіне үйдегі жанжал себеп болған.

Өз кезегінде полиция қызметкерлеріне қыздың анасы алғысын білдірді: «Аудандық полиция қызметкерлеріне қызымның жоғалғандығын айтып, тауып берулерін сұраған едім. Олар кәмелет жасына толмаған қызымды Шымкент қаласында жүрген жерінен тауып берді. Сіздерге алғыс айтамын. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!» — деп атап өтті.

Адам жоғалудың әрбір жайты полиция қызметкерлері үшін үлкен ыждахаттылықты жүктейді. Жақындарынан түсінік алынып, нәтижелі жұмыс атқарады.

Жалпы, отбасындағы кез-келген ахуал жасөспірімдердің психологиясына үлкен әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан да, полиция азаматтардан кәмелетке толмаған балаларына мұқият болуды және оларды қараусыз қалдырмауды, сондай-ақ әрқашан олармен ортақ тіл табуға тырысуды сұрайды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары жақын туыстарының бірі жоғалған жағдайда дереу көмек сұрап, өз бетінше іздеуге уақыт жұмсамау керектігін айтады.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*