Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Судағы қауіпсіздік бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізілді

Судағы қауіпсіздік бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізілді

Полицейлер жасөспірімдерге судағы қауіпсіздік бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Су – адам үшін қауіпті апат. Тіпті тыныш ағып жатқан тынық судың өзі қауіпсіз сияқты көрінгенімен, оның да өзіндік қауіптілігі бар.  Әдетте, жүзе алмайтын балалар  белден жоғары келетін, судың терең жеріне бара бермейді, сондықтан  суда жүзе алмайтын балалар емес, өзін жақсы жүзе аламын деп санайтын балалар судағы қайғылы жағдайларға ұшырап жатады.

Жаз маусымы басталса, жасөспірімдердің суға түсетіндері белгілі. Алайда олардың ішінде судағы қауіпсіздікті сақтамайтындары да кездесіп жатады. Осы тұрғыда Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері профилактикалық рейдтік іс-шаралар атқарды. Шараның мақсаты — жасөспірімдердің суға түсуге тыйым салынған аймақтарда келеңсіз оқиғалардың алдын алу. Шара барысында аудан тұрғындарына суға түсуге болмайтын аймақтарға балаларды жібермеу, оларды қадағалау керектігі айтылды. Тәртіп сақшылары ата-аналарға осындай құқық бұзушылық орын алған жағдайда әкімшілік шара көрілетіндігін ескертті.

Сонымен қатар жеткіншек балалар, өздері су айдынына шомылуға барған кезде суға түсуге рұқсат етілген, қауіпсіздігі сақталған, су астындағы терең ой-шұқырлары жоқ, қатты су ағысы, иірімі немесе толқыны жоқ жерлерде шомылуы қажет. Көптеген жазатайым оқиғалар суға шомылуға тыйым салынған жерлерде орын алады. Сондықтан әрбіріміз үшін судағы қауіпсіздікті сақтау маңызды. Полиция қызметкерлері жасөпірімдерге ата-ананың қарауынсыз шомылуға арналмаған жерлерде шомылуға болмайтындығын ескертеді. Сонымен қатар, жүзуді білмейтін балаларды суға арнайы құралдарсыз (шеңберлер, жеңдер, матрастар) жібермеуге кеңес береді. Өзіңіздің және өзгенің өмірі үшін сақ болайық!

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*