Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Полицейлер «Сервистік полицияның моделі» бойынша жиналыс өткізді

Полицейлер «Сервистік полицияның моделі» бойынша жиналыс өткізді

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Әбдіғани Сейдуалиевтің қатысуымен  «Сервистік полицияның моделі» бойынша жиын өтті, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Жиналысқа облыстық полиция департаменті, прокуратура, денсаулық сақтау басқармасы, адами әлеуетті дамыту және төтенше жағдайлар департаменті, жұмыспен қамтуды үйлестіру мен қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

Шараның басты мақсаты – «сервистік полиция» моделін енгізу бойынша атқарған және алдағы уақытта жасалатын жұмыстарды талқылау. Сервистік модель аясында полицияның халықпен өзара іс-қимылын оңтайландыру, ең алдымен полиция қызметкерлеріне деген сенімге, серіктестік қағидаттарына негізделуі керек.

Полицияның сервистік моделі– бұл билік органдарына деген сенімді арттыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында полицияны қоғаммен бірлескен қызметі болып табылады. Яғни, қоғам мүшелерінің қауіпсіздік мәселелерді анықтау процесіне белсенді қатысуы болып табылады.

Полиция әртүрлі тілектерді қанағаттандырумен емес, заңға мүлдем бейтарап қызмет көрсету арқылы қоғамдық сенімге ие болуға тырысуы қажет. Жиын барысында полицейлердің атқарып жатқан жұмыстары жайлы сөз болды. Олар түрлі қылмыстарды болдырмау және алдын алу мақсатында жұмыстар жасауда. Шараға келгендер осы тұрғыда өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтып, талқыға салды.

Жиналыстың соңы полиция полковнигі Ә.Сейдуалиев: «Құрметті әріптестер, сервистік полиция — жазалаушы орган емес, халыққа көмектесуші орган. Халықпен етене жақын болып, сұраныс бар жерге жағдай жасай білейік. Біз полиция — азаматтардың мәселелерін шешуге көмектесетін және қызмет көрсететін саланың маманымыз. Сондықтан халыққа жанашыр, қорғаушы полицей болып сапалы қызмет көрсетейік. Елдің алғысына бөленіп, жауапкершілікті сезінейік» -деп атап өтті.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*