Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Жалған куәлік уәде еткен алаяқ ұсталды

Жалған куәлік уәде еткен алаяқ ұсталды

Полицейлер жүргізуші куәлігін әперемін деп алдаған Қарағандылықты анықтады, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған jetpisbai.kz ақпараттық агенттігі.

Түркістан қалалық полиция басқармасына жас жігіт арызданды. Оның айтуынша «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы белгісіз біреу «жүргізуші куәлігін жасап беремін» — деп, сеніміне кіріп, ақшасын банк шотына аудартып алған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 60 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы  Қылмыстық Кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Полиция қызметкерлері қылмысты ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар банк шоттарын тексеріп, жан-жақты жұмыстар атқарды. Нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар күдікті Қарағанды қаласының тұрғыны болып шықты. Анықталғандай, жәбірленуші әлеуметтік желі арқылы жарнаманы көріп қалған. Содан оның жекесіне жазып, екеуі байланыс орнатқан.

Алайда, күдікті өзінің арам ойын жүзеге асырып, күдіктіден ақша алған соң, байланысты үзген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы кездері адамдардың сеніміне кіріп, әртүрлі қызметтер алып беруге сендіретін алаяқтар қатары артқан. Оңай жолмен олжаға кенеліп жүрген бұлар адамдардың ақшасын алған соң із суытады.

Ескеретін жайт, адамдар алданып қалғандарын дер кезінде құзырлы орындарға барып, шағымданбайды екен. Көпшілігі біраз уақыт өткізіп алады. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері белгісіз адамдарға сенім артпауға кеңес береді. Таныс емес, бөтен адамға ақша аударып, өзіңізге тиесілі құжаттардың нөмірін бермеуді ескертеді. Егер сіз де осындай істе күдік пайда болса немесе осындай жайтқа тап болсаңыз, сол мезетте құқық саласының мамандарының көмегіне жүгін­геніңіз дұрыс.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*