Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Түркістан облысының полицейлері спорттық марафонға қатысты

Түркістан облысының полицейлері спорттық марафонға қатысты

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің маңызды бөлігі ретінде қарастырылатын жастар мәселелеріне ерекше назар аударатыны белгілі. Жалпы жас ұрпақты есірткіні қолданудан қорғау және оларды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру-біздің міндетіміз.

Бүгінгі таңда осы мақсатта Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері түрлі жедел-профилактикалық іс-шаралар, соның ішінде «Есірткісіз болашақ» бір айға жоспарланған акциясын өткізуде. Мәселен Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Түркістан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесіп, мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдары арасында Түркістан облысының құрылуының 4 жылдығына, 23 маусым — мемлекеттік қызметшілер күніне және 26 маусым — Халықаралық нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес күніне арналған марафон өткізді.

Облыс орталығы — Түркістан қаласында өткен марафонға Түркістан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев, Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Мәди Қожамұратов және 200-ге жуық мемлекеттік қызметші, құқық қорғау органдары мен күш құрылымдарының қызметкерлері қатысты.

Спорттық іс-шараның қорытындысы бойынша Түркістан облысы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері жүлделі орындарға ие болды. Нақтырақ айтсақ полиция капитаны Орынғай Нұрболат І-орынды қанжығасына байлады. Ал Қанатбек Сұлтанов пен Ғабит Елеусізұлы ІІ-орынды жеңіп алды. Іс-шара соңында барлық жеңімпаздар мақтау қағаздарымен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ марафонды ұйымдастырушылар мен қатысушылар естелік суретке түсті.

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Мәди Қожамұратов атап өткендей, мұндай маңызы зор іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек. Сондай-ақ тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға және есірткіге қарсы күреске өз үлесін қосуға шақырды.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*